Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚЫРЫҚБАЕВ Темір Базарбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1983 жылдың 3 мамырында Өзбекстан Республикасында, Жызақ қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Жетісай қаласындағы №7 Тұран атындағы мектеп-гиназиясын, 2004 жылы Астана қаласындағы «Қазақ гуманитарлық заң университетін», 2011 жылы «Сырдарья» университетін бітірген.

Қазақ, орыс, өзбек, түрік тілдерін меңгерген.

Үйленген, 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын «Абучина» құрылыс компаниясында директордың орынбасары ретінде бастады.

2008 жылы «Таймас Company» ЖШС-і құрылыс компаниясын ашты. Мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ІІ - ші дәрежелі құрылыс лицензиясы берілген. Бұл құрылыс мекемесі 50-ден астам нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізді, атап айтқанда, Астана қаласының прокуратурасы, Есіл ауданы прокуратурасы және Астана қаласы әкімшілік сотының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп берді. Сонымен қатар, аудандарда жаңа мектеп салумен қатар көгалдандыру жұмыстарын да атқарып келеді. Оңтүстік өңірлерінің көптеген елді мекендеріне табиғи газ құбырларын тартты. 2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде қаладағы зардап шеккен тұрғындардың үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге және жаңадан тұрғын үй салуға атсалысты.

2021 жылы өткен сайлауда Түркістан облысы мәслихатының депутаты болып сайланды. Облыстық мәслихатының депутаты ретінде қала, аудандардағы апаттық мектептер мен үш ауысымдағы мектептерді анықтау үшін облыстық адами дамыту басқармасымен бірлесе отырып арнайы жұмысшы топ құрып, оған жетекшілік етіп, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңға үш ауысыммен оқитын мектептерде қосымша ғимараттар салынуда және апаттық мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылыстары басталып, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі.

2023 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021) мерекелік медалімен марапатталған.

Жеке парағы