Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
МӘМБЕТОВ Еркебұлан Нұрмағамбетұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы
1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Бішкөл ауданының Новоалександровка ауылында дүниеге келді.

1985 жылы Омбы ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

2005 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқуын аяқтады.

Еңбек жолын 1979 жылы Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында лаборант қызметінен бастады.

1980 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы Бішкөл ауданы "Новоникольский" совхозының жұмысшысы.

1985 жылы – Солтүстік Қазақстан облысы Бішкөл ауданы "Новоникольский" совхозының №1 бөлімшесінің шебер-реттеушісі.

1987-1989 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Бішкөл ауданы "Новоникольский" совхозының машина-трактор паркін пайдалану инженері.

1989-1993 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы "Минкесер" совхозының бас инженері.

1993-1997 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы "Минкесерский" совхозының директоры.

1997-1998 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы "Минкесерский" өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы.

1998-2004 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы "Мамбетов және компания" сенімгерлік серіктестігінің директоры.

2004-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі.

2007-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі.

2009-2023 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы "Мамбетов және компания" сенімгерлік серіктестігінің Бас директоры.

2011-2023 жылдары – "Оңтүстік"ӘКК Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі

"Құрмет" орденімен (1999 ж.), "Тыңға 50 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "Астанаға 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталған".

2008 жылы "Жыл адамы"деп танылды.

2015 жылы III дәрежелі "Еңбек Даңқы" төсбелгісімен марапатталған.

2016 жылы "Үздік адамдар" энциклопедиясының батыры құрмет белгісімен марапатталды.

2016 жылы "Ауыл шаруашылық саласының үздігі" төсбелгісін алды.

Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды

«АMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап бірмандатты округтан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы