Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
НҰРТАЗА Самат Русланұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1982 жылы 9 наурызда Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

Запастағы Лейтенант.

2005 - 2007 жылдары – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы.

2007 - 2009 жылдары – Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқытушысы.

2009 - 2011 жылдары – Орталық Азия университеті филиалының басшысы.

2012 - 2014 жылдары – "Азаматтық авиация академиясы" АҚ халықаралық орталығының басшысы.

2014 - 2017 жылдары – "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратурадағы оқу, Шеффилд қ., Ұлыбритания.

2017 - 2019 жылдары – "Qazaqstan" РТРК-да БАҚ-пен жұмыс бөлімінің басшысы.

2019 - 2021 жылдары – Еуразиялық интеграцияда БАҚ-пен жұмыс жөніндегі орталықтың басшысы.

2022 - 2023 жылдары – "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары.

2023 жылғы 27 наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы