Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚОЖАСБАЕВ Руслан Сәдуақасұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1976 жылы Алматы облысының (қазіргі Жетісу облысы) Сарқан қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1996-1999 жж. – кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді;
1999-2004 жж. – Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында салық және қаржы полициясы органдарының қызметкері;
2004-2005 жж. – «Компания «Ак-Орда» ЖШС-нің күрделі құрылыс, инвестициялық жобалар департаменттерінің директоры;
2005-2008 жж. – «Азия Пром Сбыт» инвестициялық жобалар департаментінің директоры;
2008-2010 жж. – «Парасат холдинг» АҚ-ның вице-президенті, тәуелсіз директоры Независимый директор АО;
2010-2012 жж. – «Энерго-Инжиниринг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;
2012-2018 жж. – кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді;
2018-2020 жж. – «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің басшысы;
2020-2022 жж. – «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты» АҚ-ның Басқарма төрағасы;
2021-2022 жж. – VII сайланған Алматы мәслихатының депутаты;
2022-2023 жж. – VII шақырылған Жетісу облысы мәслихатының депутаты;
2023 жылғы наурыздан бастап Жетісу облысынан бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген, алты бала тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы