Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
САБИЛЬЯНОВ Нұртай Салихұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы
1962 жылы 1 маусымда Семей облысы (қазіргі Абай облысы), Аякөз ауданы Шыңқожа ауылында дүниеге келді.

1979 жылы Шыңқожа ауылындағы қазақ орта мектебін бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылдың шілде айында Аякөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады.

1980 жылғы қарашадан 1982 жылғы желтоқсанға дейін Ленинград қаласында Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін өтеді, сонымен бірге Ленинград қаласындағы №192 кешкі орыс орта мектебін бітіріп, орта білім туралы екінші аттестат алды.

1983 жылғы қаңтар-қарашада «Нарын» кеңшарында құрылысшы болып жұмыс істеді.

1983 жылғы желтоқсан мен 1984 жылғы шілде аралығында Алматы халық шаруашылығы институтының дайындық бөлімінде оқыды.

1984 жылы тамызда Алматы халық шаруышылық институтының есеп-экономика факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1988 жылы шілдеде осы аталған институттың толық курсын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты, экономист деген біліктілік берілді.

1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан.

1988 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта Алматы электротехникалық зауытында экономист болып істеді.

1990 жылдан – 2004 жылдың қараша айына дейін Алматы қаласындағы «Сарыарқа» акционерлік қоғамында (2004 жылдың мамыр айынан «Сарыарқа Алуан» ЖШС) жұмыс істеді. Алдымен бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап осы қоғамның қаржы жөніндегі вице президенті – бас бухгалтер қызметінде істеді және басқарма мүшесі болды.

1994 жылғы қараша айынан Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі.

1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1999 жылы осы аталған университеттің толық курсын «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты, заңгер деген біліктілік берілді.

Ол сегіз рет депутаттыққа кандидат болып, сайлауға қатысқан: 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне, ал 1999, 2000, 2004, 2007, 2012, 2016 және 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне.

2004 жылғы 3 қарашадан 2007 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты, ШҚО №25 сайлау округі – Аягөз, Жарма, Үржар аудандары бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2005 жылдан 2016 жылға дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болған.

2007 жылғы 27 тамыздан 2011 жылдың 15 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылым депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2012 жылғы 18 қаңтардан бастап 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2021 жылғы 14 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған. 2016 жылғы 7 қыркүйекке дейін Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2016 жылғы 7 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 14 қаңтарға дейін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды.

2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 17 қаңтарға дейін «Сарыарқа-Алуан» ЖШС-нің Басқарма мүшесі.

2022 жылғы 17 қаңтардан бастап «Сарыарқа-Алуан» ЖШС-нің Басқарма төрағасы.

2022 жылғы 15 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі.

2023 жылғы 27 наурыздан бастап сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8-желтоқсандағы Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Шапағат» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Құрмет» орденімен марапатталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 2011 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен Парламентаралық Ассамблея және оның органдарының қызметіне белсене атсалысқаны, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халықтарының арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Содружество» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Парасат» орденімен марапатталды.

«Жылдың үздік парламентшісі» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі – 2016» Ұлттық сыйлығының иегері.

Шығыс Қазақстан облысының (қазіргі Абай және Шығыс Қазақстан облыстары) Абай, Аягөз, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай және Үржар аудандарының «Құрметті азаматы».

«2008 жылғы Білім меценаты». Ұлттық Қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығының «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 2010 жылғы иегері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Астананың 20 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл» (2020 ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Үйленген, Жұбайы – Оразбаева Нұрсәуле. 5 бала тәрбиелеп отыр.

Әкесі – Сабилянов Салих (10.01.1920 ж. - 16.12.2017 ж.) Ұлы Отан соғысының ардагері және еңбек ардагері болған, Ленинград қаласын қорғауға және басқа да майдандарда соғысқа қатысқан.

Анасы – Сабилянова Қасенхан (01.05.1930 ж. - 12.11.2000 ж.) 9 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген.

Н.Сабильянов туралы жазылған кітаптар: «Намыс найзағайы» (1996 ж.), «Нұртай» (2001 ж.), «Шапағат» (2004 ж.), «Парыз» (2008 ж.), «Ел аманаты» (2008 ж.).

Жеке парағы