"Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Мұқанов Болат Мүсіпұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1958 жылы 18 қарашада туған.

Білімі жоғары: К.И.Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясы, ветеринарлық дәрігер; Мемлекеттік қаржы академиясы (Мәскеу қаласы), мемлекеттік сақтандыру органдарындағы экономикалық жұмысты ұйымдастырушы; Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық университет, құқықтанушы.

1980-1982 – армия қатарында қызмет.

1982-1983 жылдары – Алматы зооветеринарлық институтының ғылыми қызметкері.

1984-1992 жылдар аралығында – ҚР Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясында аға ветеринарлық дәрігер, бөлім бастығының орынбасары, бас маман, бас экономист, Басқарма Төрағасының көмекшісі, коммерциялық дүкен директоры қызметтерін атқарды.

1992-1998 жылдары – «Мальта», «Нұр», «Aeromex», «SEMES» компаниялары директорының орынбасары.

1998-2002 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Комитеттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында – ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму Комитеті Хатшылығының меңгерушісі.

2004 жылғы желтоқсан айынан бастап – Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, ТМД ПА Кеңесінің Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.