Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.06.2019

Н.Нығматулин парламенттік форумға дайындық бойынша Ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізді


Нұр-Сұлтан, Мәжіліс үйі, 24 маусым. Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері парламенттік форумға дайындық мәселелерін, оның ішінде шетел парламенттері делегацияларының қатысуын растау мәселелерін талқылады.Бүгінгі таңда форумға 51 елдің делегациясының қатысуы расталған. Сондай-ақ, 16-ға жуық халықаралық ұйымдардың қатысуы күтілуде.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)