Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі жөнінде ақпарат

Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі жөнінде ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы

қолданысқа енгізілді.

Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруі

http://kyzmet.gov.kz/kk/pages/azamattardyn-korpusynyn-memlekettik-kimshilik-kyzmetine-kiruinin-keybir-mseleleri-turaly

Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығы

Азаматтардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруі

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/pages/b-korpusynyn-memlekettik-kimshilik-lauazymyna-ornalasudyn-keybir-mseleleri-turaly-kazakstan-0

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы

Б корпусы бойынша

1. 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінкадрлық резервке алынған тұлғалар резервте болудың бір жылдық мерзімі аяқталғанға дейін 2016 жылдың ішінде «Б» корпусының лауазымдарына конкурс өткізбей тағайындала алады.

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайлардан басқа, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының «А» және «В» санаттарының топтарына жатқызылған лауазымдарға мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардан «Б» корпусының «А» және «В» санаттарының топтарына жатқызылған лауазымдардан басқа мемлекеттік органдарға;

2) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне ауысу тәртібімен жіберілген мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен мемлекеттік органдарға;

3) лауазымдары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының «А» және «В» санаттарының топтарына жатқызылған мемлекеттік органдардың ішінде;

4) басқа мемлекеттік органдардан мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілері, баспасөз хатшылары лауазымдарына жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органның, аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның ведомствосының ішінде кейінгі ауысуына жол берілмейді.

3. «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

4. Жалпы конкурс өткізгенге дейін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді. Тиісті кандидат болмаған кезде, ішкі конкурстық іріктеу барлық мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.