Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.07.2014

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Н. Логутов, Ә.Ә. Тойбаев, Р.У. Ким жұмыс сапарымен Алматы облысының Қапшағай қаласына барды


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Н. Логутов, Ә.Ә. Тойбаев, Р.У. Ким Алматы облысының Қапшағай қаласына жұмыс сапарымен барды. ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру, сондай-ақ Қапшағай қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағдайымен жақынырақ танысу олардың сапарының негізгі мақсаты болып табылады.

Кездесулер барысында қала әкімі Н.А. Таубаев, әкімнің бірінші орынбасары И.С. Сүгіров, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Н. Нұрқадыров және БАҚ өкілдері парламентарийлермен бірге болды.

Таң сәріден олар «Балқаш-Алакөл балық инспекциясы» ММ-ге беттеді, онда мекеме басшысы Б.К. Бимұратов өнімді жұмыс орындау үшін қажет күштер мен қаражаттың саны мен көлемі туралы ақпарат беріп, қонақтарды мекеменің қызметімен таныстырды. Одан кейін мәжіліс залында мемлекеттік мекеменің ұжымымен кездесу болды. Оның барысында қол жеткізілген көрсеткіштер және мемлекетіміздің саясатында қолданылып жатқан шаралар, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге ықпал ететін шаралар талқыланды. Депутаттар өз сөздерінде қазақстандық бизнесті дамыту, кәсіпкерлік құзыретті арттыру қажеттілігі, «Даму» қоры іске асырып жатқан, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына, атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу, сондай-ақ халықты, оның ішінде әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды жақсарту мәселелерін қозғады.

Түске таман «Рыбпром» ЖШС кеңсесінде парламентарийлер «Рыбпром» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Одан әрі олар біздің өңірімізде 1998 жылы ашылған «АЯМ» ЖШС-ына барды. Кәсіпорынның көреген негіз қалаушылары өз алдарына Қазақстан нарығындағы жеңіл өнеркәсіп индустриясына озық технологияларды енгізу сияқты айтарлықтай салмақты мақсаттар қойған. Депутаттар компанияның өндірісімен таныс болып, «АЯМ» ЖШС-ның ұжымымен кездесулер өткізді.

11.07.2014

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Н. Логутов, Ә.Ә. Тойбаев,
Р.У. Кимның Алматы облысы, Талғар ауданына іс – сапары


11 шілде 2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттары Н.Н. Логутов, Ә.Ә. Тойбаев, Р.У. Ким іс-сапармен Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінде орналасқан ЖШС «USKA» компаниясының жұмысы барысымен танысты. «USKA» компаниясында 300-ден астам жұмысшы жұмыс істейді. Компания жетекшілері жұмысшылардың жағдайын жасауға барынша өз үлестерін қосып келеді. «USKA» компаниясы басшыларының тарапынан туындаған сұрақ мынадай: «USKA» компаниясының логистикамен айналысуына байланысты темір жол вагондарын «Қайрат» станциясынан локоматив болмағандықтан вагондардың тұрып қалу мерзімі созылады. Осы станцияға бір локомативтің бөлінуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.

Сонымен қатар «Амиран Агро» сүт зауытының салынып жатқан сүт фермасының жұмысымен танысты. Компания басшыларының айтуынша бұл фермада 2000-ға жуық сауынды ірі қаралар шетелден әкелу жоспарлануда. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталу жоспарланып отыр. Ірі қаралардың жем – шөптерін, қысқы азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Ферманы іске қосып, сүт өнімдерін өндірген жағдайда «Амиран» фермасының техникасы, «Амиран» кешені және шөп өсіруге арналған егістіктерінің барлығы компьютерленген бағытта жұмыс жасайды. Соған байланысты бүгінгі таңда осы көрсетілген фермада кадр мәселесі тапшы болып тұр.

09.07.2014

Мәжіліс депутаты Қапшағай гарнизонында әскери бөлімше қызметкерлерімен кездесті

Астана, 10 шілде.Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты Николай Логутов Елбасы Жолдауындағы 7 басым бағыт бойынша кеңінен талқылады. Мемлекеттік қызмет пен Сот жүйелеріндегі артық әрекеттерді тудыратын Заңдарға түзетулер енгізілетіндігін айта келе, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық жасалатынын, кәсіппен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан аз пайыздық үстемемен несиелер берілетінін хабарлады. Елбасы Жолдауы кеңінен талқыланды.

Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша депутат Н.Н.Логутов әскери қызметкерлер тарапынан өтініш-ұсыныстарды қарады.

***

Мәжіліс депутаты Қапшағай қалалық партия филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Н.Логутовпен кездесу шарасын қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Н.Нұрқадыров ашып, қабылдауға қатысушыларды шара мақсатымен таныстырды.

Депутат Елбасының биылғы Жолдауын талқылай келе Жолдауда айтылған негізгі 10 жаңалықты хабарлады. Сонымен бірге басым 7 бағыт бойынша елімізде болашақта қолға алынатын істерді де атап өтті. Солардың бірі шағын және орта бизнесті дамыту туралы айтты. Жолдаудағы бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен өнім өндірушілер мен тұтынушылар арсында делдалсыз сату үрдісін дамыту туралы баса айтылғанын да атап өтті. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болатынын хабарлады.

***

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Логутов «Полимерметалл-Т» ЖШС қызметкерлерімен кездесу жасады

«Полимерметалл-Т» ЖШС қызметкерлерімен кездесуде Н.Н.Логутов кәсіпорында шығарылып жатқан құрылыс материалдарының дайындалу үрдісін көзімен бақылап қайтты. Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды.

09.04.2013

2013 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов 80 адам қатысқан Алматы қаласы ІІД-нің басшылық құрамымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
08.04.2013

2013 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов 170 адам қатысқан Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде кездесу өткізді.

Аталған іс-шарада Қ. Сүлейменов баяндама жасап, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-әрекеттер жоспары» тұғырнамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заң шығарушылық қызметі жайлы сұрақтар талқыланды.
18.01.2013

2013 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов Астана қаласының ғимаратында 200-ден астам адам қатысқан қалалық ардагерлер белсенділерінің отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырысқа Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаева қатысты. Жоғарыда аталған белсенділердің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қ. Сүлейменов баяндама жасады. Іс-шараның нәтижесінде Президент Жолдауын қолдайтын белсенділер Шешімі қабылданды.
11.01.2013

2013 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов 600-ден астам адам қатысқан ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты.

2013 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов 600-ден астам адам қатысқан ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты. Аталмыш отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қ. Сүлейменов баяндама жасады. Сондай-ақ, отырысқа Мәжіліс депутаттары О. Мұхамеджанов пен О. Жұмабеков те қатысты.
28.11.2012

2012 жылғы 23 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов

2012 жылғы 23 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов 40-қа жуық адам қатынасқан Алматы қалалық ардагерлер кеңесі Президиумының кеңейтілген отырысына қатысты. Мәжіліс депутаты депутат ретінде атқарып жатқан жұмысы бойынша есеп беріп, Мәжілістің заң шығару қызметі жөнінде де сөз қозғады. Сонымен қатар, Қ. Сүлейменов аталған отырыста ардагерлермен ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын талқылады.
16.08.2012

2012 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы Алматы қаласында, 2012 жылғы 23 және 24 тамызда Мәжіліс депутаты Солтүстік-Қазақстан облысында (Петропавловск қ.) болды.

2012 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы Алматы қаласында 115 адам қатысқан ардагерлердің қалалық кеңесінің кеңейтілген отырысы президиумына қатысты. Күн тәртібінде «Зейнеткерлердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту аспектісінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Президент Жолдауының және оның «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын жүзеге асыру» сұрақтары қарастырылды. 2012 жылғы 23 және 24 тамызда Мәжіліс депутаты Солтүстік-Қазақстан облысында (Петропавловск қ.) болды. Онда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің өкілдерімен «Елбасының Жолдауы мен жаңа кезеңдегі ардагерлік қозғалыс» тақырыбында семинар өткізді (320 адам қатысты). Сонымен қатар, Қ. Сүлейменов «Елбасының Жолдауы мен жаңа кезеңдегі ардагерлік қозғалыс. Президенттің «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» үндеуі» тақырыбында өткен семинардың нәтижелері бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Сондай-ақ ол СҚО ІІД-нің жеке құрамымын кездесу өткізіп, онда «Экстремизм және терроризммен күресу сұрақтары бойынша ҚР Президентінің саясаты» тақырыбы талқыға салынды (125 адам қатысты).
23.04.2012

Үстіміздегі жылғы 6-11 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тимощенко Юрий Евгениевич Ақмола облысында Президенттің қаңтардағы елге арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатымен бірқатар кездесулер жүргізді. Кокшетау қаласында облыс әкімі және қала белсенділерімен кездесу өтті. Еңбекшілдер және Шортанды аудандарында ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады. Жалпы 11 тұрғын аймақтарында болып, 14 кездесу жүргізді. Кездесу барысында бірқатар сұрақтар көтерілген, оның ішінде, зейнетақы заңнамасына қатысты мәселелер, ауылдағы шағын бизнесті дамыту, ауылшаруашылығы саласына даярланатын кадр мәселелері. Президенттің Жолдауда айтқан бастапқы мақсаттары талқыланып, ой алмасу жүзеге асты. Депутаттың қатысуымен өткен шаралар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарық көрді.
23.04.2012

Үстіміздегі жылғы 5-14 сәуір аралығында Астана қаласы әкімшілігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Республика ардагерлері орталық кеңесінің төрағасы Қ.Ш. Сүлейменов ардагерлердің қалалық ұйымының белсенділерімен аталмыш ұйымның 25-жылдық мейрейтойына орай кездесу өткізді. Аталған шараға 300-ден астам ардагер қатысты. Аталмыш ұйымның 25-жылдық мейрейтойына орай депутат Алматы қаласында да қалалық ұйымының белсенділерімен кездесті. Аталған шараға 700-ден астам ардагер қатысты. Мерекелік алқа жиналысында ардагерлерді осы мерейтоймен құттықтай отырып, Қ. Сүлейменов олардың қоғамдық өмірдегі ролдерін ерекше атап, белсенді ардагерлерді марапаттады. Сонымен қатар, депутат Президенттің қаңтардағы елге арнаған Жолдауын түсіндіруге де айрықша көңіл бөлді. Сөйлеген сөзінде депутат: «Өзімізге маңызды міндеттерді біз Президентіміздің, ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен байланыста көреміз. Жаңа үмітімізді зейнетақы жүйесін жетілдіру үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тиімді пайдалану бойынша берілген Президенттің тапсырмасымен байланыстырамыз»,-деді.
20.04.2012

2012 жылдың 5-14 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» ХДП Фракциясы мүшелері Д.Н. Назарбаева мен Г.М. Ықсанова Қарағанды облысы мен Алматы қаласында 1443 адам қамтыған 16 кездесу өткізді. Қарағанды облысына жұмыс сапары щеңберінде депуататтар студентер мен мұғалімдермен, Теміртау қаласының политехникалық колледжінің қызметкерлерімен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының шығармашылық зияткерлерімен кездесіп, Қарағанды қаласының облыстық онкологиялық емханасын, сонымен қатар Қарағанды металлургиялық институты жанындағы колледжін және де ҚР Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығын аралады. Алматы қаласында депуттар Ә. Қастаеев атындағы өнер мемлекеттік мұражайының мәдени қайраткерлерімен, Т.К. Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері мен ұстаздарымен, №1 «Қалқаман» және №12 қалалық клиникалық емханасының дарігерлері мен емделушілермен, «Ұлттық Телерадиохабарассоциация» төрайымдарымен кездесіп сонымен қатар бірнеше нысаналарды аралады: Орталық жүзу бассейні, Қалалық онкологиялық диспансер, балалар Хосписі, қалалық мүгедектер қоғамы, ҚР ұлттық кітапханасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы мен Хатшысы жоспарланған саулайшылар кездесу аясында ҚР Тұңғыш Президентінің қорында көркем-өнер интеллигенттері мен медицина қызметкерлерімен өткізілген дөңгелек үстеліне қатысты. Депутаттың қатысуымен өткен шаралар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарық көрді.
20.04.2012

Ағымдағы жылдың 5 мен 14 сәуір аралығында Қазақстан Ресаубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.К.Жабағиев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Ертаев, Е.Ө.Бектұрғанов, Н.Д.Нестеровамен бірге Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысында болды. Депутатпен өткізілген Тараз қаласы мен Байзақ, Талас аудандарындағы соғыс, еңбек және Ауған соғысы ардагерлерімен, Байзақ ауданындағы «Тараз құбыр» және «Жасұлан Флора» ЖШС-нің, Талас ауданындағы «Сарытас-удобрение» зауытының, Шу ауданындағы «Локомотив жөндеу зауыты» жұмысшыларымен, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалдарының активімен кездесулер өткізді. Сайлаушылармен кездесу барысында депутат «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдап, «Нұр Отан» ХДП-ның Қордай аудандық филиалының Х-конференциясына, Шу аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс V-сесиясына қатысты. Депутаттың өңірдегі жұмысының барысы «Қазақпарат», ҚР-ның Парламенті сайтына, «Хабар», «Қазақстан-Тараз» телеарналарында, облыстық «Ақ жол» және «Знамя труда» газеттері мен Байзақ, Сарысу, Талас, Шу, Қордай аудандық газеттерінде жарияланды. Ал, Шу аудандық «Шу өңірі» - «Шуская долина» газеттерінде «Жұртшылықпен жүздесудің берері көп» және «Важность встречи с народом» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.
20.04.2012

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшелері Н.Жазылбеков, С.Сәрсенов, А.Әбілдаев Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға сапары аясында, Алматы облысының әкімі А.Мұсахановпен және Талдықорған қаласының әкімі Е.Алпысовпен, сондай-ақ Талдықорған қалалық Мәслихатының хатшысы М.Бопазовпен кездесті. Депутат А.Р.Әбілдаев Алматы қаласындағы №144 мектеп-гимназияның оқытушы ұстаздары мен оқушыларымен кездесті. Кешке ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында: «Жастар Парламенті» қоғамдық қозғалысының мүшелері мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының белсенді жастарымен кездесу өткізді. Сондай - ақ депутат А.Әбілдаев «Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі А.Перуашевпен Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында қала активімен, партияның облыстық филиалы Кеңесінің мүшелерімен, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен және бизнес өкілдерімен, ШҚО қоғамдық кеңесімен, саяси партиялар мен ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен кездесіп, аймақтарды дамыту төңірегіндегі Жолдаудан шығатын міндеттер туралы сөз қозғады. Экология, моноқалалар проблемасы, индустриалды-инновациялық даму, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік сатып алу, аймақтың газдандыру мәселелері айтылды. Мәжіліс депутаттары А.Әбілдаев пен Азат Перуашев Семейде «СемАЗ» зауытында кәсіпкерлермен кездесіп, отандық өнім өндірушілер өз ойларымен бөлісті.
20.04.2012

2012 жылдың 5-14 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» ХДП Фракциясы мүшесі Шалатай Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының 6 елді - мекенінде, яғни Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Созақ, Түлкібас аудандарында сайлаушылармен 15 кездесу өткізді. 1203 дамның қатысуымен өткізілген кездесуде депутат Шалатай Мырзахметов 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Нұр Отан» ХДП 2020 жылға дейінгі бағдарламасын және «Нұр Отан» ХДП «Қазақстан 2017 жылғы мақсаттары, Іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасын, халықтық ІРО бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың МБ іске асыру мәселелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығармашылық қызметі және «Нұр Отан» ХДП партиясының жұмысы, құқықтық мәселелер, жер телімін бөлу, алимет, ауруханаға жату мәселелері жайында кеңінен әңгімеленді. Партияның жергілікті қоғамдық қабылдауларында депутат Ш. Мырзахметов 63 арызданушыны қабылдап, оның 45 мәселесін орнында шешті. Депутаттың қатысуымен өткен іс-шаралар БАҚ саласында, яғни «Айғақ», «Отырар», «Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан» - телеарналарында, сондай-ақ, «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», «Дөңгеленген дүние», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жарық көрді.
18.04.2012

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі С.Сәрсенов Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға сапары аясында, Алматы облысының әкімі А.Мұсахановпен және Талдықорған қаласының әкімі Е.Алпысовпен, сондай-ақ Талдықорған қалалық Мәслихатының хатшысы М.Бопазовпен кездесті. Осы күндері ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында: «Жастар Парламенті» қоғамдық қозғалысының мүшелері мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының белсенді жастарымен, Алматы қаласындағы №144 мектеп-гимназияның оқытушы ұстаздары мен оқушыларымен кездесті. Сондадй-ақ Алматы Кәсіпкерлері Қауымдастығының өкілдерімен, Алматы облысы, Талғар ауданы «Қайрат» кентінде «Гүлдала» ауылдық округінің тұрғындарымен, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының кеңсесінде депутат Сағиятулла Сәрсенов тұрғындарды қабылдады. Депутаттар С.Сарсенов, Нұрлан Жазылбековпен Д.А.Қонаев университетінің оқытушы-профессорлық құрамымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кеңсесінде Қор басшылығы мен аймақтардан келген жас кәсіпкерлермен, қаржыгерлермен, Алматы облысы, Балқаш ауданы Бақанас ауыл ақсақалдарымен, Бақанас орта мектебінде, Ресей батыры, Қазақстанның «халық қаһарманы» Бақтыораз Бейсекбаев атындағы орта мектептерінде болып, ұстаздар қауымымен кездесіп, мектептердің жай-күйімен танысты. Одан кейін, ауылдағы спорт кешенінде болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы жастармен жүздесіп, спорттық дайындықтарын тамашалады.