Басты бет /  Сенат
Жаңалықтар

21.05.2013

Сенаторлар шалғайдағы жайылымды тиімді пайдалану мәселесін талқылады

Бүгін Парламент Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті, «Шалғайдағы мал шаруашылығы жайылымы мәселелерін заңнамалық тұрғыдан жетілдіру» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

21.05.2013

Сенат комитетінде Кеден Одағының қызметіне қатысты заң жобалары қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

20.05.2013

Сенатор Нұрлан Сүлейменов ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Нұрлан Сүлейменов Санкт-Петербургте мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысуда.

20.05.2013

Қ.Мәми мен ЕҚЫҰ ПА басшысы «Хельсинки+40» үдерісінің келешегін талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы төрағасының міндетін атқарушы, Австрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің депутаты Вольфганг Гроссрукпен кездесті.

20.05.2013

Комитет мүшелері экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасын екінші оқылымда қарады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

20.05.2013

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды.

16.05.2013

Сенат комитетінде әскери мүлік транзиті туралы заң жобасы қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

16.05.2013

Сенаторлар Жоғарғы Соттың судьяларын сайлады және бірқатар заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы болды.

16.05.2013

Сенат Төрағасы Вьетнам Елшісімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Вьетнам Социалистік Республикасының Елшісі Нгуен Ван Хоаны қабылдады.

Қ.Айтахановтың депутаттық сауалы

16.05.2013

Қ.Айтахановтың депутаттық сауалы

Менің депутаттық сауал жолдауыма Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы тұрғындарының жаңа мектеп салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге ықпал етуді сұраған өтініш-хаты себеп болып отыр.