Сенат -> Сенат құрылымы

ЖЫЛҚЫШИЕВ Болат Әбжапарұлы

Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

1957 жылғы 17 қыркүйекте туған, қазақ. Білімі жоғары. Қазақтың химия-технология институтын, Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін бітірген. Инженер-механик, инженер-экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Шымкент облысы Бөген ауданы Күрішкеңшар құрылысы бас мекемесінің «Өндірістік құрылыс материалдары» тресінде шебер, инженер, аға инженер, бас механик, Шымкент қалалық партия және кеңес органдарында, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің басшысы, Тараз қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің Департамент бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау және Шымкент қалаларының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ««Қазатомөндірісі» Ұлттық атом компаниясы» АҚ вице-президенті болып қызмет істеген.

III дәрежелі «Барыс» орденімен, бес медальмен марапатталған.

Ваш отзыв и предложение по сайту