Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

23.04.2024 59

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда бірқатар заңдар талқылнады.

23.04.2024 53

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Өңірлердің бюджеттік дербестігінің деңгейі, жергілікті атқарушы органдардың тексеру комиссияларының және ішкі аудит жұмыстарының қызметі туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.

23.04.2024 58

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс кездесуін өткізді. Онда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданын дамыту мәселелері талқыланды.

23.04.2024 59

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды талқылады.

23.04.2024 90

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітаптары көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға ғалымдар, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері және Парламент депутаттары қатысты.

23.04.2024 60

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.

22.04.2024 69

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Жетісу және Алматы облыстарында автомобиль жолдарын дамыту тақырыбы бойынша жұмыс отырысын өткізді.

22.04.2024 79

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 25 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

19.04.2024 139

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы Төрағасы, Қырғыз Республикасының Батыры, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медетқан Шеримкуловпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда екі елдің зиялы қауымының рөлін және халықаралық алаңдардағы бірлескен іс-қимыл аясындағы мәселелерді талқылады.

19.04.2024 116

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы комиссиясының XI отырысына қатысты.

19.04.2024 145

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында Астана – Минералды сулар бағыты бойынша тікелей авиарейсті іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жетті.

18.04.2024 208

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Жанна Асанова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты.

18.04.2024 115

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина, Айгүл Қапбарова және Алтынбек Нұхұлы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты.

18.04.2024 204

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады. Сондай-ақ өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

17.04.2024 111

Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттері мен эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тасқын судан зардап шеккен облыс тұрғындарымен кездесу барысында шығынды өтеу тәртібі мен мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.