Медиа орталығы

Жаңалықтар

Қ. Тоқаев Сенат Төрағасы лауазымына қайта сайланды

Сенат отырысында Парламент жоғарғы Палатасының Төрағасы және Төраға орынбасарын сайлау мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынуы бойынша Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Қ. Тоқаев өзіне жүктелген зор сеніміне орай Мемлекет басшысына алғыс айтты.

«Біздің Президентімізді әлем жұртшылығы ғаламдық деңгейдегі саясаткер, ұлы реформатор ретінде құрметтейді. Шын мәніндегі тарихи тұлға деп біледі. Елбасының көреген көшбасшылығымен еліміз биік белестерді бағындырып, әлемдегі танымал, абыройлы елдердің қатарына қосылды. Елбасының салиқалы, көреген саясатын іске асыру мен үшін әрқашан жауапты әрі зор мәртебелі міндет», - деді Қ.Тоқаев.

Жасырын дауыс беру барысында жоғарғы Палатаның Төрағасы болып Қ.Тоқаев бірауыздан сайланды.

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары болып Бектас Бекназаров қайта сайланды.

Палата депутат Дархан Кәлетаевты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлау туралы қаулы қабылдады.

Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев Қазақстан Президентінің Жарлығымен депутаттық өкілеттігі тоқтатылған Ляззат Кииновқа Парламенттің заң шығару қызметіне қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты. Л. Киинов Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ваш отзыв и предложение по сайту