Медиа орталығы

Жаңалықтар

Е. Сұлтановтың депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. САҒЫНТАЕВҚА

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Солтүстік Қазақстан облысының 11 ауданы мен Қостанай облысының екі ауданының 233 елді мекендеріндегі халықтың жалпы саны 190 мыңнан астам адамды құрайды. Олар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның төрт магистралдық құбырлары бойынша ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта осы аймақтардың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Өткен ғасырдың 60-80 жылдарында салынған су тартқыштардың жалпы ұзындығы 2 920 шақырымды құрайды, бүгінгі күні олардың 965 шақырымының пайдалану нормативтік мерзімі бар, қалған 67% немесе 1955 шақырым өзінің нормативтік мерзімін 2 есе өткерген және толығымен тозған.

Әр жыл сайын топтық су құбырларында апаттар саны өсуде. 2012 жылдан бастап 4 топтық құбырлар бойынша 8022 апат орын алған болатын. Магистралды құбырлардың қатты тозуына байланысты тасымалдау кезінде суды жоғалтудың жалпы көлемі 65% құрайды. Бұл суды өндірушілер мен тұтынушылардың шығындарының ұлғаюына әкеліп соғуда және біздің мемлекетіміздің тұщы су сынды құнды және жаңартылмайтын табиғи ресурсын сақтау стратегиясына қайшы келеді.

Казіргі уақытта, топтық су құбырлар жүйесінің жарамсыз техникалық жағдайы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуде. Олар Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының 200-ден астам ауылдық елді мекенін сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қауіп төндіріп отыр.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, аталмыш мәселенің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, Сізден Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының топтық су құбырларын реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК-на қаржы бөлу мәселесінің оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.

Кұрметпен,

Е.Х. СҰЛТАНОВ

А.А. БЕЙСЕНБАЕВ

О.В. ПЕРЕПЕЧИНА

Ж.М. НҰРҒАЛИЕВ

С.Ш. БЕКТҰРҒАНОВ

Қосымша

№ п/п

Жобаның атауы

Қажетті сома

Жобалау сатысындағы/дайын жобалар

1

Преснов топтық су құбырларын жаңарту (1 және 2 кезек) жобаны аяқтау үшін қаражат қалдығы

8,8 млрд. теңге

2

Соколов топтық су құбырын жаңарту (2 кезек)

6,8 млрд. теңге

3

Көкшетау топтық су таратқыштарына қосылған селолық елді мекендердің су таратқыш және таратушы желілерін салу

3,7 млрд. теңге

4

Есіл топтық су құбырларын жаңарту (1 және 2 кезек)

11,2 млрд. теңге

5

Бұлаев топтық су құбырларын жаңарту (4 кезек)

16,4 млрд. теңге

6

Бұлаев топтық су құбырларын жаңарту (5, 6, 7 кезек)

20,7 млрд. теңге

Барлығы

67,6 млрд. теңге

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 қазандағы

№ 15-13-256 д/с жауабы

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының

депутаттарына

Құрметті депутаттар!

Сіздердің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының топтық су құбырларын реконструкциялау үшін қаражат бөлуге ықпал ету туралы депутаттық сауалдарыңызға мынаны хабарлаймын.

2017 жылы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының топтық су құбырларын салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен:

- Преснов топтық су құбырларын реконструкциялауға (құрылыстың 1 және 2 кезектері) – 1500,0 млн.теңге;

- Булаев топтық су құбырларының 3 ерекше апатты учаскелерін реконструкциялауға – 1821,4 млн. теңге;

- Есіл топтық су құбырларының ерекше апатты учаскелерін реконструкциялауға – 1919,5 млн. теңге бөлінген.

Бұдан басқа, Преснов топтық су құбырлары бойынша 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында 5635,5 млн.теңге көлемінде қаражат көзделген.

Соколов топтық су құбырларын реконструкциялау жобасын қаржыландыру мәселесі (құрылыстың 2 кезегі) жалпы сметалық құны – 6919,8 млн.теңге, 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мүмкіндігі кезінде пысықталатын болады.

Көкшетау, Есіл және Булаев топтық су құбырларына қатысты, бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» РМК қаражатының есебінен жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу жүргізілуде.

Бұл ретте, Көкшетау және Есіл топтық су құбырлары бойынша ЖСҚ әзірлеуді жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Булаев топтық су құбырларының ЖСҚ әзірлеудің, 4 кезегі
2018 жылғы 1 сәуіріне қарай аяқталатын болады, 5, 6, 7 кезектерін жобалауды Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазсушар» РМК қаражаты есебінен 2018 жылғы 1 сәуірге дейін бастау жоспарланып отыр.

Жоғарыда көрсетілген топтық су құбырлары бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтағаннан кейін, оларды қаржыландыру мәселелері бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде қаралатын болады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

Ответ Премьер-Министра Республики Казахстан

на ДЗ № 15-13-256 от 27 октября 2017 года

Депутатам

Сената Парламента

Республики Казахстан

Уважаемые депутаты!

На Ваш депутатский запрос о содействии в выделении средств для реконструкции групповых водопроводов Северо-Казахстанской и Костанайской областей сообщаю следующее.

В 2017 году из республиканского бюджета на строительство и реконструкцию групповых водопроводов Северо-Казахстанской и Костанайской областей выделено:

- на реконструкцию Пресновского группового водопровода (1 и 2 очередь строительства)– 1500,0 млн. тенге;

- на реконструкцию 3-х особо аварийных участков Булаевского группового водопровода – 1821,4 млн. тенге;

- на реконструкцию особо аварийного участка Ишимского группового водопровода– 1919,5 млн. тенге.

Кроме того, по Пресновскому групповому водопроводу в проекте республиканского бюджета на 2018 – 2020 годыпредусмотренысредства в размере 5635,5 млн. тенге.

Вопрос финансирования проекта реконструкции Соколовского группового водопровода (2 очередь строительства) с общей сметной стоимостью 6919,8 млн. Тенге будет проработан при возможном уточнении республиканского бюджетана 2018 год.

По Кокшетаускому, Ишимскому и Булаевскому групповым водопроводам на сегодняшний день ведется разработка проектно-сметной документации (далее – ПСД) за счет средств РГП «Казводхоз» Министерства сельскогохозяйства.

При этом по Кокшетаускому и Ишимскому групповым водопроводам разработку ПСД планируется завершить до конца текущего года.

Разработка ПСД по Булаевскому групповому водопроводу 4-ой очереди буде тзавершена к 1 апреля 2018 года, а проектирование 5, 6, 7 очередей планируется начать до 1 апреля 2018 года за счет средств РГП «Казводхоз» Министерства сельскогохозяйства.

После завершения разработки ПСД по вышеуказанным групповым водопроводам вопросы их финансирования будут рассмотрены в установленном бюджетным законодательством порядке при возможном уточнении республиканского бюджета на 2018 год.

Премьер-Министр

Республики Казахстан

Б. Сагинтаев

Ваш отзыв и предложение по сайту