Медиа орталығы

Жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2017 жылғы 2 мамырда Астана қаласында жасалған келісім Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерін ашуды көздейді.

Қазақстан Республикасында АҚИҰ-ның штаб-пәтерін құру Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтады және ұйымның халықаралық, өңірлік және субөңірлік бастамаларына Қазақстанның тартылуын күшейтеді.

Қазақстанда АҚИҰ-ның штаб-пәтерін ашу үшін республикалық бюджетте: 2017 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының АҚИҰ-ға ерікті жарнасы жыл сайын 247204 мың теңге (749103 АҚШ доллары); Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылдан бастап жыл сайын 39600 мың теңге сомасында офистік үй-жайды жалға алу шығыстары көзделген.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.

Ваш отзыв и предложение по сайту