Медиа орталығы

Жаңалықтар

С. Еңсегеновтің депутатық сауалы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. САҒЫНТАЕВҚА

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2017 жылдың қараша айының басынан орын алған жанармай нарығында туындаған жағдай бізді алаңдатып отыр.

БАҚ ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанның кейбір аймақтарында жанармай құю станцияларында дизель отыны жоқ, ал кейбір өңірлерде 1 литр дизель отыны екі жүз теңгеден жоғары сатылуда. Дизель отынының қымбатшылығы оның Ресейден импортталуы деп түсіндірілуде. Ал елімізде отандық дизель отынының жиырма күнге жететін қоры ғана бар деген ақпарат таратылуда.

Өзіңізге мәлім, Қазақстанда дизель отынының негізгі тұтынушылары: теміржол көлігі, жүк тасымалдаушы көлігі, су бетіндегі көлік, әскери техника, ауыл шаруашылығының көлігі және жеңіл дизельді автокөлік. Өндірістік нысандарда дизель отынының ең ірі тұтынушылары тау-кен өнеркәсіптері.

Біздің ойымызша, дизель отыны бағасының көтерілуі экономикамыздың барлық салаларына, теміржол, электрқуатының, газдың тасымалдануларына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бензин жанар майына қарағанда дизель отынын тұтыну негізінен өндірістік мақсатта қолданылады, бұл уақытша жағдай мезгілді сипат екенін ескеру қажет, сондықтан дизель отыны икемді бағаны ұстап тұра алмайды.

Еліміздегі екі мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуде тұрғанын ескере отырып, жанармай тапшылығы қайталану қауіпі алаңдатады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден дизель отынының тапшылығы мәселесін шешуге байланысты қабылданған шаралар туралы жазбаша жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27-бабында белгіленген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

С.Қ. ЕҢСЕГЕНОВ

А.А. БЕЙСЕНБАЕВ

М.М. БОРТНИК

М.С. ЖОЛДАСБАЕВ

М.Ш. КӨБЕНОВ

Ә.С. ҚҰРТАЕВ

Е.Қ. МАМЫТБЕКОВ

Е.Х. СҰЛТАНОВ

Ваш отзыв и предложение по сайту