Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенаторлар 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарады

Парламент Сенатында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыруға бағытталған заң жобалары қаралды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сенаторларғаеліміздің 2018-2022 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын таныстырды.

Баяндамашының айтуынша, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін алдағы осы кезеңге барреліне 45 АҚШ доллары болатындай мұнай бағасының деңгейі негізге алынып отыр. Ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 2018 жылы 3,1 пайыз деңгейінде, одан кейін 2022 жылға дейін 4,2 пайызға өседі деп болжанды. Ішкі жалпы өнім 2018 жылы 55 906,2 миллиард теңгеден 2022 жылға дейін 75 875,4 миллиард теңгеге дейін өседі. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 2018 жылы 9,0 мың АҚШ долларын құрайды, 2022 жылы 11,7 мың АҚШ долларына ұлғаяды.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі 2018 жылы 2,6 триллион теңге, 2019 жылы 2,3 триллион теңге, 2020 жылы 2,0 триллион теңге.

Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев қаржы реттеушісінің ақша-несие саясаты туралы депутаттарды хабардар етті. Ұлттық банкінің негізгі басымдығы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету екені, 2018 жылы инфляцияның нысаналы диапазоны 5-7 пайыз шегінде белгіленіп, 2020 жылға дейін бірте-бірте 4 пайызға дейін төмендету көзделіп отырғаны айтылды.

Ол ақша құнының негізгі көрсеткіші болып табылатын негізгі мөлшерлеме биыл 12 пайыздан 10,25 пайызға дейін төмендетілгенін атап өтті. Баяндамашы ішкі валюта нарығындағы тұрақтандыру туралы айтты: жыл басынан бері салыстырғанда теңгенің ауыстыру бағамы іс жүзінде өзгерген жоқ, номинальдық сипаттағы төмендеу мөлшері 0,1 пайызды құрады.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Ұлтық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды қабылдады.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сенаторларды «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының мазмұнымен таныстырды. Оның айтуынша, бюджетті жасақтау барысында теңдестірілген және айқын бюджет жөніндегі парламенттік тыңдаудың ұсыныстары, сондай-ақ Есеп комитеті мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдары ескерілді.

Б.Сұлтанов республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштерін баяндады. 2018 жылғы жалпы түсімдер 8 578,3 миллиард теңгені; 2019 жылы – 9 190,2 миллиард теңгені; 2020 жылы – 9 566,2 миллиард теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2018 жылы 9 217,9 миллиард теңгені; 2019 жылы – 9 798,2 миллиард теңгені; 2020 жылы – 10 219,7 миллиард теңгені құрайды.

Қосымша баяндама жасаған Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина осы заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан 127,7 млрд. теңге сомасындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 116 ұсыныс түскенін атап өтті. Үш жылдық кезеңге 85,6 млрд. теңге, оның ішінде 2018 жылға 22 млрд. теңге сомасындағы ұсыныстар қолдау тапты. «2018 жылы бұл ұсыныстарды қаржыландыру көзі Үкіметтің Резервін 4,8 млрд. теңгеге азайту және «Құрық» портының құрылысына көзделген шығыстарды 16,9 млрд. теңгеге азайту болып табылады, ол 2017 жылы іске асырылған болатын», - деді О.Перпечина. Ол ұсынылған өзгерістер мына бағыттарды қаржыландыруды көздейтіні туралы хабардар етті:

- Ішкі істер министрлігі мен гидрометеорологиялық қызмет бөлімшелерін материалдық-техникалық жабдықтауға – 6,7 млрд.теңге;

- Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы экологиялық қолайсыз аудандар тұрғындарына үстеме бойынша қарызды өтеуге - 3,3 млрд.теңге;

- еліміздің әртүрлі аймақтарындағы денсаулық сақтау және спорт нысандарының құрылысы мен жаңғыртуға – 2,0 млрд.теңге;

- сумен жабдықтау нысандарының, тұрғын үйлер, оның ішінде тұрғын үй құрылысы жөніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы үйлер және инженерлікжелілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына, газдандыруға – 7,7 млрд.теңге;

- су көлемін ұлғайту және өзендердің гидрологиялық тәртібін жақсартуға - 1,6 млрд.теңге ;

- қазақ әліпбиін латын әрпіне көшіруге және басқа да жалпы мемлекеттік шараларды іске асыруға – 0,7 млрд.теңге бөлінетін болады.

Заң жобасы түзетулерімен Парламент Мәжілісіне жіберілді.

Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев депутаттарға заң жобасын қолдағандары үшін алғыс айтты. Ол бүгін өздеріңіз қабылданған бюджет жобасы еліміздің экономикасы тұрақтауы мен одан әрі қарай дамуына және Елбасының қойған тапсырмаларын толық орындауға мүмкіндік береді, деп атап өтті. Үш жылдық бюджетті талқылау кезіндегі сенаторлар көтерген мәселелердің бәрі Үкіметте шешімін табады, деп сендірді Б.Сағынтаев.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджет заңнамасын қалыптастыру мәселелері бойынша да сөз алды. Ұсынылған заң жобасы бірқатар негізгі бағыттар, атап айтқанда, өтініштерді келісу және бюджет үдерістерін әкімшілердіндірудің жекелеген кезеңдерін алып тастауға қатысты түзетулерді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлау рәсімдерін оңайлату мақсатында келісу үдерісін 5 кезеңнен 3 кезеңге дейін қысқарту ұсынылып отыр. «Жалпы түзетулер бюджет қаржысын экономикаға дейін аса тез жеткізуге, игерілмеген соманы азайтуға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының санын ұлғайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін болады», - деді министр.

Сенаторлар заң жобасын екі оқылымда қарағаннан кейін Мәжіліске жіберді. Онда жоспарлау кезеңіне ішкі және сыртқы үкімет борыштарын болжау түрінде қосымша қаржы көрсеткіштерін болжау және мемлекеттік қаржы тұрақтылығын бағалауды макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына енгізу ұсынылады. Республикалық бюджет туралы заң жобасына ұсынылатын материалдардың қамту ауқымының кеңеюі мен тарамдап тереңдетілуі Парламент пен жұртшылықтың мемлекеттік бюджеттің жай-күйі туралы толық ақпарат алуына, бюджеттің кірістері мен шығыстарының жоспарланған көлемдері мен бағыттарын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Есеп комитетінің республика бюджетінің жобасын алдын-ала бағалау шеңберінде жасаған ұсынымдарын есепке алу бойынша ақпарат ұсынылады. Жоспарланған қаражаттардың тиімділігін анықтау үшін Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес бюджеттік өтінімде бюджет бағдарламаларының нәтижелеріне қол жеткізуге қолайсыз қаржыландырудың әсерін сипаттайтын шығыстар түрлері бойынша есептеулер қамтылатын болады.

Отырыс барысында сенаторлар: Серік Жақсыбеков - бюджеттік заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру қажеттілігі туралы; Жеңіс Нұрғалиев - ауылшаруашылығы кешенін субсидиялау жүйесіндегі түйткілді мәселелер туралы; Георгий Ким - жол қауіпсіздігіне қатысты депутаттық сауалдарын жария етті.

Ваш отзыв и предложение по сайту