Медиа орталығы

Жаңалықтар

С. Джақсыбековтің депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. САҒЫНТАЕВҚА

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Біздің ойымызша, қазіргі таңда Қазақстан республикасының Бюджет кодексінің ережелерінде бюджеттік өтінімдердің бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспарлары мен көрсеткіштеріне сәйкестігі, олардың бір мезгілде қабылдануына байланысты, декларативті түрде көрсетілген. Бағдарламалық құжаттарда көзделген ұзақ мерзімді негізгі индикаторлар бюджетің мүмкіндігіне байланысты қайта қаралады, сонымен қатар, бюджеттің бірнеше рет қайта қаралып түзелуі бюджет процессін бағдарламалық құжаттардың толық орындалуынан алшақтатады.

Демек, депутаттармен әрқашан ескерілетін «сабақтастық», «нәтижелік», «тиімділік» секілді бюджет жүйесінің негізін қалаушы қағидаларының сақталуы қамтамасыз етілмейді.

Өкінішке орай, Үкіметпен ұсынылған Бюджеттік кодексте көзделген, тек фрагменттік сипаттағы өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау сәйкестігі мәселесін шешпейді.

Осы тұрғыда, бізбен ұзақ мерзімді қаржы жоспарына негізделген сапалы және нәтижелі бюджеттік шешімдерді қабылдауға әсер ететін келесі ұсыныстар дайындалды.

Бірінші. Бюджеттік жоспарлау мен стратегиялық құжаттардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін бюджет жүйесінің тұрақтылығының сандық критерилері, бюджет жүйесінің тәуекелін бағалау үшін салықтық және қарыздық жүктемелер тиімділігін қамтитын 10-жылдық мерзімге арналған бюджет болжамын дайындау және оны қолдану құралдарын енгізу ұсынылады.

Құжат мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері мен оған әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды ескере ұзақ мерзімді бюджеттік даму перспективасын бағалау мазмұнында болуы қажет.

Екінші. Бюджет өтінімінің сұралған бюджет қаражатының мақсатының, олардың стратегиялық жоспарлары мен бюджет бағдарламаларының көрсеткіштеріне сәйкестігіне байланысты, сапалы қаралып, жоғарыда көрсетілген жоспарлаудағы сәйкессіздік алынып тасталуы қажет.

Осыған орай:

- стратегиялық және бюджеттік жоспарлау шеңберін нақты ажырату

керек;

- бюджет құрылымының сатысын қайта қарау қажет. Белгілі

міндеттері мен нәтижелері көрсеткіштерді қамтитын стратегиялық жоспарлар жобалары бюджет бағдарламалы бойынша лимиттер белгіленге және РБК-ға өтінімдерді енгізгенге дейін қаралуы керек;

- жүзеге асуы жоспарланған көрсеткіштер мен сұралған қаржы

арасындағы қарым-қатынасты және оның тиімді әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды енгізу қажет деп санаймыз.

Есептеулердің құрылу процессінде сұралған қаражаттың сол бюджет бағдарламасының нәтижелік көрсеткішіне жету мүмкіндігі көзделуі керек. Кейін тиісті методология бюджеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлардың тиімді әсерін бағалауда қолдануға болады.

Көрсетілген шаралар қабылданатын бюджеттік шешімдердің нәтижелік деңгейін көтеруіге әсер етіп, нәтижеге бағытталған бюджеттік процесстің тиімді әсерін қамтамасыз етеді деп санаймыз.

Ұсынылып отырған түзетулердің қоданыстағы жалпы бюджет құрылымының қағидасы мен жүйесінің өзгеруіне әсер ететініне байланысты, қолданыстағы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын әріқарай жетілдіру мақсатында, жауапты мемлекеттік органдармен тиісті жұмыстар атқарылуы қажет деп санаймыз.

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне жауап берулеріңізді сұраймыз.

Д. Назарбаева

С. Джақсыбеков

Д. Кәлетаев

Т. Мұсабаев

Т. Мұқашев

Н. Нұрсипатов

Ваш отзыв и предложение по сайту