Медиа орталығы

Жаңалықтар

Қазақстан-Ресей парламентаралық ынтымақтастығы

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов бастаған қазақстандық депутаттар делегациясы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның Сочиде өтетін он бірінші сессиясына қатысуда.

Бұл комиссия екі елдің Жоғары заң шығарушы органдарының жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде жұмыс істейді.

Сенат вице-спикері ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде Қазақстан мен Ресей өңірлерінде осы форматтағы кездесулер өткізу тәжірибесі айтарлықтай нәтижелер береді, деп атап өтті. «Біздің Атырау, Омбы, Орал қалаларындағы кездесулеріміз екіжақты байланыстарда шешілмеген мәселелерді байқауға және оларды шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», - деді С.Громов.

Биылғы жылы Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді, деп атап өтті Сенат Төрағасының орынбасары. Ол Ресей тарапын Астана қаласында өткен халықаралық іс-шаралар: ЭКСПО-2017 көрмесі мен МАГАТЭ төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысқан, сондай-ақ, «Астана клубының» үшінші отырысының жұмысын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында зияткерлік меншікке қатысты заңнаманы үйлестіру мәселелері, жастар және қоғамдық ұйымдардың гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтудағы парламенттердің рөлі, интернет кеңістігін пайдаланушыларды заңсыз мазмұндағы ағымдардан қорғау құралы ретінде заңнамалық реттеуді, Ынтымақтастық комиссиясының оныншы отырысы шешімдерінің орындалуы барысы мәселелері талқыланды.

Іс-шараға сондай-ақ, сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев Серік Бектұрғанов, Ғұмар Дүйсембаев, Талғат Мұсабаев, Сергей Плотников, Ерік Сұлтанов та қатысты.

Ваш отзыв и предложение по сайту