Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор Б.Әйтімова Әйел саясаткерлердің дүниежүзілік форумына қатысуда

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова 28-30 қарашада Рейкьявикте (Исландия) өтіп жатқан Әйел саясаткерлердің дүниежүзілік форумына қатысуда.

Исландия Парламенті және Үкіметі ұйымдастырған форумда бүкіл дүние жүзіндегі мемлекет және үкімет басшылары, министр, парламентшілер мен қала басшылары лауазымындағы әйелдер бас қосты. Шара қазіргі кезде Литва Президенті Д.Грибаускайте төрағалық ететін Әлемдегі әйел көшбасшылар кеңесінің ынтымақтастығымен өтіп отыр.

Рейкьявиктегі саммит «Ол біздің қолымыздан келеді!» ұранымен өтуде. Шара жаһандық қатерлерді талқылауға, тәжірибе алмасуға, қазіргі замандағы қабылданатын шешімдерде әйелдердің ықпалы мен келешегі көрініс табатын саяси үнқатысуларға қатысуға мүмкіндік береді.

Б. Әйтімова саммит аясында конференцияның күн тәртібі бойынша Исландия Президенті Г. Иоуханнессонмен және елдің бірінші ханымы Э.Рейдпен пікір алмасты. Э.Рейд Қазақстан жайында жақсы білетінін және Алматыда болғанын атап өтті. Сенатор сонымен қатар Қазақстан Республикасының Исландиядағы Құрметті консулы Г. Фридрикссонмен, сондай-ақ Алжир, Бахрейн, Ұлыбритания, Панама, Ресей Федерациясы және Боливия делегацияларымен кездесті.

Ваш отзыв и предложение по сайту