Медиа орталығы

Жаңалықтар

М. Бақтиярұлының депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә.САҒЫНТАЕВҚА

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Үстіміздегі жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінде Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің көшпелі отырысы өткен болатын. Оның барысында Әскери доктрина, Концепция, Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарының құрылу Жоспары мен дамуы талқыланды.

Талқылау барысында, шараға қатысушылар Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарының жабыдықталуының біріңғай үрдісін даярлау керектігін атап өткен.

Заңнамалық тұрғыда осы салада сонғы жылдары көп мәселелер өз шешімін тапқанын атап өту керек. Соның ішінде, жалпы әскери азық мөлшері белгіленіп, келесі жылдан бастап арнаулы баспаналық төлем механизмі арқылы барлық әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтудың жаңа моделі енгізіледі.

Сонымен қатар, қәзіргі таңда Ұлттық Ұлан, Шекералық қызмет, азаматтық қорғау қызметтері, басқа мемлекеттік органдардың құрамында болғандықтан, Қарулы Күштердің қаржылық жүйесінен тыс қалып отыр. Өйткені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында осы құрылымдар басқа әскери құрамалардың қатарында болып есептеледі, сол себепті олардың қажеттіліктері жүйелі түрде қаржы жетіспеушілікке душар болып отыр.

Осыған орай, қоғамдық тәртіпті күшейту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, террорлық актлердің алдын – алу, анықтау және болдырмау жұмысының тиімді жүйесін дамыту мақсатында келесі шараларды ұсынамыз:

1. Бюджеттік кодекске Ұлттық Ұлан, Шекералық қызмет, азаматтық қорғау қызметтерінің қаржыландыруының дербес шығын лимитін қарастыратын өзгерту мен толықтырулар енгізу.

2. Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарды қаржыландыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 1 пайызынан кем болмауын заңнамалық деңгейде міндеттеу. Бұл шара тек қана Қарулы Күштер емес, сонымен бірге Ұлттық Ұлан және Шекералық қызмет жасақтарының қаржылық, материалды – техникалық қажеттіліктерін кепілді орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының статусы туралы» Конституциялық Заңының 27 бабына сәйкес жауапты белгіленген тәртіппен беруіңізді сұраймыз.

Д. НАЗАРБАЕВА

С. ДЖАҚСЫБЕКОВ

Д. КӘЛЕТАЕВ

Т. МҰСАБАЕВ

Т.МҰҚАШЕВ

Н. НҰРСИПАТОВ

Ваш отзыв и предложение по сайту