Медиа орталығы

Жаңалықтар

Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісім қаралды

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2017 жылғы 13 маусымда қол қойылған Келісім Грузия үкіметінің 2001 және 2004 жылдары Париж клубына несие беруші мемлекеттердің өкілдерімен қол қойған хаттамаларының шарттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның қолданыстағы келісімдерін есепке ала отырып Грузия Үкіметінің мемлекеттік несиелері бойынша берешегін қайтадан қайта құрылымдауды көздейді.

Хаттамаға сәйкес 2017-2025 жылдар аралығындағы кезеңде грузин тарапының төлемі 37 997 815 АҚШ долларын құрайды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Ваш отзыв и предложение по сайту