Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор Г.Ким Оңтүстік Корея Парламентінің Төрағасымен кездесті

Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Чун Се Кюнмен кездесті.

Тараптар саясат, сауда-экономика, көлік және индустрия-инновация салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Г.Ким Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 9-11 қарашадағы Сеулге мемлекеттік сапары барысында қол қойылған Стретегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияның зор маңызын атап өтті.

Жүздесушілер екіжақты ауқымды байланыстарды нығайту үшін парламентаралық өзара іс-қимылдың ерекше маңызы туралы ортақ пікір білдірді. Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысына Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астанаға ресми сапармен келуге шақыруы табыс етілді.

Корей түбегіндегі жағдайды реттеу тақырыбын талқылау барысында Г.Ким БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстанның 2018 жылы қаңтарда қабылдаған маңызды шараларын атап өтті. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 18 қаңтардағы Президент Н.Назарбаев пен Польша Президенті А.Дуда қатысқан «Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау: сенім шаралары» тақырыптық брифингін атап өтіп, оның қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының аймақтық қақтығыстарды болдырмау және алдын алу дипломатиясы туралы мәлімдемесі қабылданғанын айтты.

Қазақстан Республикасы үнқатысудың қалыптасуы мен Пхенчхандағы ойындарға КХДР-дың қатысуы Корей түбегіндегі шиеленістің реттелуіне жәрдемдесетініне сенім артады, деді Г.Ким.

Тараптар кездесу соңында талқыланып отырған мәселелер бойынша көзқарастардың ұқсастығына тоқтала келіп, халықаралық аренадағы ынтымақтастықты жалғастыруды жақтайтынын айтты.

Ваш отзыв и предложение по сайту