Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысының Ұлытау ауданында болды

Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен Қарағанды облысының Ұлытау ауданында болды. Сенатор сапар барысында аудан активімен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының басым бағыттарын түсіндірді және аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмыс жоспарымен танысты.

Сенатор ауыл тұрғындармен әңгіме барысында төмен пайызбен берілетін ауыл шаруашылығына арналған несиелерді тиімді пайдалану, аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік көмек көрсету мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сенат депутаты тұрғындардың сұрақтарына жауап бере келіп аудандағы өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысатынын және тиісті депутаттық сауалдар жіберілетінін жеткізді.

Р.Әбдікеров сапар барысында «Хан Ордасы» тарихи орнын аралады және «Көкмайса» демалыс орнының жұмысымен танысты. Сенатор сондай-ақ көп балалы ана Сымбат Есмағанбетова мен ақсақал Такана Шынбергеновтің отбасында болды.

Ваш отзыв и предложение по сайту