Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2017 жылғы 28 қараша 11 – 00 сағат

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысын өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды:

1.             «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Баяндамашы: Бекетаев Руслан Бақытжанұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

Қосымша баяндамашы: Кәлетаев Дархан Аманұлы – Комитет хатшысы.

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің қорытынды жіберді.

2.             «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Баяндамашы: Тургумбаев Ерлан Заманбекұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

Қосымша баяндамашы: Джақсыбеков Серік Рыскелдіұлы – Комитет мүшесі.

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің қорытынды жіберді.

3.             «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Баяндамашы: Ахметжанов Марат Мұратұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары;

Қосымша баяндамашы: Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы – Комитет мүшесі.

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің қорытынды жіберді.

(Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

Ваш отзыв и предложение по сайту