Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

Қаржы және бюджет комитеті

 

2017 жылдың 29 қараша айында Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді:

 

1. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы»

 

Қарыз туралы келісімге енгізілетін түзетулер «Орталық-Оңтүстік» дәлізінің 2152-2380 км «Астана - Қарағанды -Балқаш - Күрті - Қапшағай - Алматы» автомобиль жолында 2295-2380 км «Күрті - Бурылбайтал» жолының қосымша учаскелерін (бұдан әрі - «Күрті - Бурылбайтал» учаскесі) және «Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберіс жолдары бар Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» автомобиль жолының 56-162 км «Ұзынағаш - Отар» учаскесін (бұдан әрі - «Ұзынағаш - Отар» учаскесі) қосуды көздейді.

 

Баяндамашы: Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі

Қосымша баяндамашы: Әділбеков Дәурен Зекенұлы

 

Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.

 

2. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Конституциялық заңының жобасы сот жүйесі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қызметі, Конституциялық Кеңес, мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірледі. Конституциялық заң жобасы конституциялық заңдарға конституциялық нормаларды толық жүзеге асыруды қамтамаыз етуге, сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымдарды алмастыру тәртібін анықтауға бағытталған түзетулерді енгізуді көздейді.

 

Баяндамашы:  Баймолдина Зәуреш Хамитқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары

Қосымша баяндамашы:   Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы

 

Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.

 

 (Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

Ваш отзыв и предложение по сайту