Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

29.11.2017  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті өз отырысын өткізіп төмендегідей заң жобаларын талқылады:

 

«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы»

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы»

 

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы»

 

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Комитет мүшелері, осы заң жобаларын қарап, олар бойынша өз шешімін тиісті комитетке жіберді.

 

 (Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану

және ауылдық аумақтарды дамыту комитетімен

өзара байланыс жасау бөлімі)

 

 

Ваш отзыв и предложение по сайту