Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

14

 

 

28.11.2017 - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті өзінің кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде келесі мәселелер болды:

 

 

1.   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Ахметжанов Марат Мұратұлы – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары.

 

Қосымша баяндамашы: Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.

 

2. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Баймолдина Зәуреш Хамитқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары.

 

Қосымша баяндамашы: Ершов Сергей Михайлович – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.

 

3. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Тоқтабаев Тимур Серікұлы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі.

 

Қосымша баяндамашы: Төреғалиев Нариман – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.

 

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Бекетаев Руслан Бақытжанұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

 

Қосымша баяндамашы: Төреғалиев Нариман – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.

 

               Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарау барысында депутаттар қылмыстық сот өндірісін өзінің қалауы бойынша қағаз және (немесе) электронды нысанда жүргізуге қатысты сұрақ қойды. Комитет мүшелері мемлекетке келтірілген залалды өтеп берген жағдайда сыбайлас жемқорлық істері бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесі жөнінде Бас Прокурор орынбасарының пікірін анықтады.

               Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша депутаттар «Астана» халықаралық қаржы орталығының жаңа органдарын құруға және жұмыс істеуіне арналған шығыстар туралы мәселелерді нақтылады.

Үшінші мәселені қарау барысында депутаттар қарыз алу кезінде ұлттық мүдделерді қорғау жөнінде пікір білдірді, сондай-ақ автокөлік жолдарын салу бойынша кепілдік мерзіміне қатысты сұрақтар қойды.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша депутаттар Қазақстанның қарыздары қай елдермен кешірілгені туралы сұрақ қойды.  

                Заң жобаларын талқылау қорытындысы бойынша Комитеттің шешімдері бас комитеттерге жолданды.

 

 

 

(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым

комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

Ваш отзыв и предложение по сайту