Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

2017 ж. 5 желтоқсан сағ. 15.00

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат,

инновациялық  даму  және  кәсіпкерлік жөніндегі  комитетінің отырысында келесі заң жобалары талқыланды:

 

1.          «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы-

Қазақстан Республикасы әділет министрінің орынбасары Баймолдина З. Х.

 

Қосымша баяндамашы-

Комитет хатшысы, Қазақстан

Республикасы Парламенті

Сенатының депутаты

С. Қ. Еңсегенов

Қабылданған шешім: Комитет, қаралып жатқан Заң жобасың талқылап, Бас комитетке өзінің қорытындысын ескертусіз және толықтырусыз  жіберді.

 

2.          «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.        

 

Баяндамашы-

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары Бекетаев Р. Б.

 

Қосымша баяндамашы-

Комитет төрағасы, Қазақстан

Республикасы Парламенті

Сенатының депутаты

Бейсенбаев А. А.

Қабылданған шешім: Комитет, қаралып жатқан Заң жобасың талқылап, Бас комитетке өзінің қорытындысын ескертусіз және толықтырусыз  жіберді.

 

3.                «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.        

 

Баяндамашы-

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице- министрі Скляр Р. В.

 

Қосымша баяндамашы-

Комитет мүшесі, Қазақстан

Республикасы Парламенті

Сенатының депутаты

 Сұлтанов Е. Х.

 

Келісім-хатпен  Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге  (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b))  «Күрті – Бурылбайтал» және «Ұзынағаш – Отар» қосымша жол учаскелерін қосу және қарыз қаражатын санаттар арасында қайта бөлу көзделген.

Комитет заң жобасын талқылап, «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасын Сенаттың отырысында қабылдауды ұсынады.

 

Ваш отзыв и предложение по сайту