Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

14

 

 

05.12.2017 - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті өзінің кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде келесі мәселе болды:

 

 

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Баймолдина Зәуреш Хамитқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары.

 

Қосымша баяндамашы: Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы.

 

                Заң жобасын қарау барысында депутаттар ізгілендіруге және айыппұлдар көлемін азайтуға бағытталған нормаларға қатысты сұрақтар қойды, құқық бұзушылықтар мөлшері аздығының өлшемдері,  24 сағатқа дейін әкімшілік ұстау мерзімдерін ұлғайту қажеттілігі, сондай-ақ заң жобасын қабылдау ізгілендіру бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбеюіне алып келмейді ме деген мәселелер нақтыланды.

                Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Б. Әйтімова Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нормаларды кеңінен талқылау фактілерін жою және құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «қоғамдық орын» ұғымын анықтау қажеттілігін атап өтті.

                Заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша Комитеттің шешімі бас комитетке жолданды.

 

 

 

(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым

комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

 

Ваш отзыв и предложение по сайту