Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

Қаржы және бюджет комитеті

 

2017 жылдың 6 желтоқсан айында Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді:

 

1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Заң жобасының негізгі мақсаты құқық бұзушылыққа мөлшерлес әкімшілік жауаптылық шараларын белгілеу, әкімшілік-құқықтық деликтіні анағұрлым нақты айқындау, мемлекеттік органдардың әкімшілік жаза қолдану бойынша өкілеттіктерін айқындау болып табылатын әкімшілік-деликтілік заңнаманы жетілдіру болып табылады.

 

Баяндамашы: Баймолдина Зауреш Хамитқызы - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Қосымша баяндамашы: Мұқаев Ерболат Рахметұлы

 

Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.

 

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Заң жобасы қолданыстағы нормаларды нақтылау мен новеллаларды енгізу арқылы бұқаралық коммуникация технологияларының дамуына ілесе өзгеріске ұшыраған БАҚ, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеуді қабылдау мақсатында әзірленді.

 

Баяндамашы: Әжібаев Алан Ғазизұлы -  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

Қосымша баяндамашы: Плотников Сергей Викторович

 

Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.

 

3. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы туралы

 

Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын біріздендіру және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес келтіру.

  

Баяндамашы: Бекешев Бауыржан Бейсенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қосымша баяндамашы:  Шелпеков Бақтыбай Ақбердыұлы

 

Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.

 

 

 

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

   Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының жаңа Кеден кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сәйкестендіру болып табылады.

 

Баяндамашы: Бекешев Бауыржан Бейсенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қосымша баяндамашы:  Шелпеков Бақтыбай Ақбердыұлы

 

Заң жобасын талқылау нәтижесінде бас комитетке комитеттің қорытындысын жіберу туралы шешім қабылданды.

 

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта кұрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» 

 

Келісім Грузия Үкіметінің Қазақстан Үкіметі Грузияға берген мемлекеттік кредиттер бойынша берешегін қайтадан қайта құрылымдауға бағытталған.

 

Баяндамашы: Бекетаев Руслан Бақытжанұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі 

Қосымша баяндамашы: Перепечина Ольга Валентиновна

 

Заң жобасын талқылау нәтижесі бойынша комитеттің кеңейтілген отырысына жіберу туралы шешім қабылданды.

 

 

 (Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

Ваш отзыв и предложение по сайту