Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті дөңгелек үстел өткізді

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Парламент Сенатының 2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы»  тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысы Парламент Сенаты депутаттарының, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, сонымен бірге басқа да министрліктер өкілдерінің, діни бірлестіктер басшылығының, сондай-ақ ғалымдардың қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел аясында діни қызмет cаласындағы тенденцияларды, өзекті мәселелерді, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы орындау мен жетілдіруді талқыланды.

Дін саласы заңнамасын жетілдіру мен оны тәжірибеде құқықтық қолдану бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар кездесу барысында берілді.

 

(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

 

Ваш отзыв и предложение по сайту