Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.01.2020

Мәжіліс бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады


 

Астана. 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті.  

Мәжіліс депутаттары  бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады.

Атап айтар болсақ, Палата назарына дүниежүзілік пошта одағының  Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Хаттаманың мақсаты сапалы, қолжетімді, әмбебап пошта қызметтерін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін аталған одақ шеңберінде халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындау. Бұл заң жобасын қабылдау халықаралық міндеттемелерге сәйкес келуге мүмкіндік береді және қаржылық, құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеліп соқпайды, пошта байланысы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Сондай-ақ, осы күні Өзбекстанмен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Мәжіліс тарапынан оң қорытындыға ие болды.

Тараптар келісімге сәйкес, өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастық жасайды.

Осы келісім қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуде ерекше орын алады және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Келісімге сәйкес Өзбекстан азаматтарының паспорттарын жолдау тәртібі реттелген.

Осылайша, қандастарға Өзбекстан елшілігіне барып паспорттарын тапсыруға және консулдық төлем (әрбір паспорт үшін 140 доллар) төлеуге қажет емес.

Жалпы отырыста бірқатар депутаттар елдің әлеуметтік, экономикалық, қауіпсіздік, мәдени, рухани мәселелеріне қатысты тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолдады. 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

        

 

      

 

 

 

 

         

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі