ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНДЕ
Астана. 18-сәуір. Мәжіліс үйі.
ҚР Парламентінің депутаттары Санкт-Петерборда ТМД ПАА салтанатты шараларына қатысу барысында Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішіне тағзым етті.
Сонымен қатар Сенат пен Мәжіліс Төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов Жамбыл ескерткішіне де гүл қойды.
Қоршауда қалған Ленинградтықтардың ерлігін жырға қосқан қазақтың ұлы ақынына Нева жағасындағы қалада ескерткіш қойылған.
«Ленинградтық ұландарым! Мақтанышым сендер менің!»,- деп басталатын әйгілі жыр жолдары ТМД ПАА мерейтойлық салтанатты жалпы отырысында Таврия залының Дума мінберінен де жаңғырды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген ........ www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі