Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.05.2015

Қ.Жақыпов :Парламентшілер Қазақстан мен Нидерланды аралығындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салады


Қ.Жақыпов :Парламентшілер  Қазақстан мен Нидерланды аралығындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салады

Астана ,20 мамыр .Мәжіліс үйі.

Мәжіліс төрағасы  Қабиболла Жақыпов Нидерланды Корольдығына сапары шеңберінде  ынтымақтастық ,ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақтылық тақырыбына бағытталған бір қатар екі жақты кездесулер өткізді.

Әнгіме барысында Нидерланды Сенатының Төрағасы Анки Брокерс  Кнол мен Мәжіліс Спикері екі ел арасындағы осы салалардың өзекті мәселесіне қанағаттанғандық танытты.

Анки Брокерс Кнол Қазақстан мен Нидерланды арасындағы жоғары деңгейлі қатынастарға ризашылық білдіріп , екі жақты және жан-жақты форматта үн қатысуға әзір екендігін жеткізді.

- Ынтымақтастық пен бірлік –біздің елдердің соңғы жиырма жылдағы ұстанымы болып табылады ,-деді Анки Брокерс  Кнол.

 Нидерланды Парламент Сенатының  спикерінің пікірі бойынша өзара байланыстағы жақын кезеңнің  ,болашақ бағыты демократия ,экономика және аймақтық  саясат болып табылады.

Ғаламдық қауіпсіздікке айрықша көңіл бөлінді. Сонымен бірге Мәжіліс Төрағасы біздің Мемлекет Басшысының  саяси бағыты әлеуметтік жетілуге , ғаламдық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, елдер арасында достық қатынасты өркендету болып отырғанын атап өтті.

Сондай ақ Қ.Жақыпов Нидерланды Корольдығы Қазақстанның 2017-2018 ж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтуге кандидатурасын қолдайды деген сенім білдірді.

Экономикалык ынтымақтастықты нығайту тақырыбы Нидерландының Экономикалық қатынастар министрі Хенк Камппен жуздесу барысында да өріс алды .

Тараптар екі ел арасындағы серіктестік қатынастар  деңгейін жоғары бағалады . Бүгінде Нидерланды Қазақстан инвесторлары арасында алғашқы орынға шығып, 2014 жылғы екі жақты тауар айналымы 9 млрд АҚШ доллары көлеміне жетті.

Қабиболла  Жақыповтың  айтуынша  сауда- экономикалық  және инвистиция және технологиялық өзара байланысты қазақстан- голландия іскерлік кеңесі ынталандыратын болады.

Хенк Камп Қазақстанның даму қарқынына таңданып, Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың  елдің өркендеуіне нақты бағыт беріп отырғанын атап өтті . Министрдің мәлімдеуінше Нидерландының экономикалық қатынастары Қазақстанның  барлық аймақтарының экономикалық тұрақты дамуы үшін қажет.

Қ.Жақыпов Еуразиялық Одақтың мүмкіндігін екі еларасындағы мүдделерді жақындастыруға пайдалануға болатынын мәлімдеді.

Тараптар ынтымақтастықтың болашақ бағыты деп , мұнай саласын, энергетика саласын, көлік пен коммуникацияны атап өтті.

Қ.Жақыпов бүгін де Қазақстандық парламентшілер Қазақстан Президентінің бастамасымен жасалған бес институттық реформаның тиімді орындалуы  үшін заңнамалық база әзірленіп жатқанын хабарлап, оның біздің елге  халықаралық тәжірибе үшін маңызы бар екенін , соның ішінде Нидерланды  Корольдығы  да бар деді.

Хенк Камп  Мәжіліс Спикерін өзінің жігерін қазақстан –нидерланды экономикалық қатынасын нығайтуға жұмсайтынына сендірді.

Сол күні Мәжіліс Спикері нидерландының  кәсіпкерлер-қоғамы өкілдерімен де кездесті. Сондай ақ Нидерланды Корольдығы Парламенті Сенатының депутаты, ”Қазақстанның Нидерландыдығы достары”-саяси клубының тең төрағасы Рене ван дер Линденмен қазақстан-нидерланды екі жақты байланыстары мәселесін белсендіру тақырыбын талдады.

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі