Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.07.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ


     МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ

 

Астана, 3 шілде, Мәжіліс үйі.   Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Халық қалаулылары назарына мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда ұсынылады.

Сондай-ақ, Палата бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарайды. Олар: ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы және Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау.

Осы күні мәжілісмендер экологиялық мәселелер бойынша түзетулерге қатысты және Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы  америкааралық конвенцияны ратификациялауға байланысты жаңа заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.

 

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі