Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.10.2015

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ҚЫТАЙ МЕН ЕАЭО ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗАРА ІС ҚИМЫЛДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АТАП КӨРСЕТТІ


МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ҚЫТАЙ МЕН ЕАЭО ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗАРА ІС ҚИМЫЛДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АТАП КӨРСЕТТІ

 

Астана, 6 қазан, Мәжіліс үйі. «Еуразиялық Экономикалық перспектива» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ЕАЭО пен «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» қытайлық жобаның түйіскен нүктесін сөз ете келіп, экономикалық өзара іс-қимылдың базалық негізін құрайтын үш басым бағытты атап өтті. Ол ең алдымен көліктік инфрақұрылымды дамыту мен оның халықаралық көліктік коммуникациялық коридорда интеграциялануы.

Қазақстан қазірдің өзінде Қытайдың, Еуропаның, Таяу Шығыс пен Оңтүтстік Азияның нарығын байланыстыратын көліктік-транзиттік магистралдың маңызды бөлігі болуға дайын. Осы мақсатта «Нұрлы жол» еліміздің инфрақұрылымдық даму жоспары жүзеге асырылуда,-деп атап өтті Қ. Жақыпов.

Елдердің көліктік-инфрақұрылымдық әлеуетін біріктіру мақсатында Мәжіліс Төрағасы Қытай және ЕАЭО мүше- мемлекеттердің көліктік-коммуникациялық өзара іс-қимыл бағдарламасын дайындау туралы ұсыныс жасады.

Қ. Жақыпов атап өткен екінші маңызды бағыт-Қытай және ЕАЭО мүше-мемлекеттердің сауда-экономикалық, индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту жөнінде кешенді шаралар қабылдау.

Мәжіліс Спикері Еуразиялық комиссия мүше-мемлекеттердің салалық министрліктермен бірлесіп, Қытаймен өзара іс-қимыл негізінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік даму бағдарламасын дайындауына болатындығын сөз ете келіп:

-Ол үшін біздің мемлекеттердің қаржылық мүмкіндіктерін ғана емес, сондай ақ Еуразиялық даму банкінің, Азиялық банкі инвестициялық құрылымдар және Жібек жолы қорын, басқа да халықаралық қаржылық институттар мүмкіндігін пайдалануымызға болады, -деді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткен үшінші маңызды бағыт- инновация және технология саласы. Осы ретте Қ. Жақыпов ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының әріптестігін дамытуды жолға қою керектігіне назар аудара келіп:

-Бүгінгі күні Қытай инновациялық технологияларды әзірлеудің әлемдік орталықтарының бірі саналады. Қытай жыл сайын ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарға 200 млрд. доллардан астам қаржы жұмсайды. Ал, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы Жібек жолы экономикалық белдеуін жария еткен «Назарбаев Университеті» студенттерінің де инновациялық даму бағыты бойынша Ресей мен Қытайдың ғылыми зерттеу орталықтарымен, алдыңғы қатарлы университеттермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе игеру мүмкіндігі зор деді.

Мәжіліс Спикері ЕАЭО және Жібек жолы экономикалық белдеуі жобасы аясында технологиялар, инновациялық тәжірибе алмасу жалпы алғанда,  қатысушы-мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, индустриялық дамуға ықпалы зор екендігіне тоқталды.

Қ. Жақыповтың сөзінше, қатысушы-мемлекеттердің салалық министрліктері Қытай және ЕАЭО мүше- мемлекеттер арасында инновациялық ынтымақтастық тұжырымдамасын дайындауына болар еді.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі