Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.10.2015

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ЕАЭО ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ ТҮЙІСУІ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕУДІ ҰСЫНДЫ


 МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ЕАЭО ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ ТҮЙІСУІ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕУДІ ҰСЫНДЫ

 

 

Астана. 6 қазан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Қытай және ЕАЭО мүше-мемлекеттердің бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруына сенім білдірді.

Қ. Жақыпов жиналғандар алдында Қазақстан Президентінің бес институтционалдық реформалар, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, сондай -ақ, ҮИИД бағдарламаларына тоқталды. Өз сөзінде:

-Қазіргі уақытта Қазақстан Парламенті реформаларды заңнамалық қолдау тұрғысынан ауқымды жұмыстар атқаруда. Біз институционалдық ортаны жаңғыртудың түрлі аспектілері бойынша 70-тей заң қабылдаймыз. Қолайлы инвестициялық климатты жақсарту әрқашанда біздің басты назарымызда. Біз Қытай және ЕАЭО мүше-мемлекеттермен инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз деп сенеміз,- деді.

Мәжіліс Төрағасы Қытай мен ЕАЭО елдерінің стратегиялық ынтымақтастығы өзаратиімді және перспективалы екенін алға тарта келіп, ЕАЭО және Жібек жолы экономикалық белдеуінің түйісуі жөнінде жол картасын әзірлеп, ел басшылары қарауына енгізу туралы көзқарасын білдірді.

-Бұл Еуразиялық кеңістіктің, жалпы алғанда бүкіл әлемдік экономикалық жүйенің дамуына серпін беретініне сенімдімін деп атап өтті,- Қ. Жақыпов.

Мәжіліс Спикері Қазақстан Президентінің БҰҰ Саммитінде ЕАЭО, ЕО және Жібек жолы экономикалық белдеуін бірыңғай интеграциялық жобаға қосатын Үлкен Еуразия идеясының айналасында бірігудің маңыздылығы туралы сөзін алға тарта келіп:

-ЕАЭО мүше-мемлекеттердің экономикалық мүмкіндігін Қытаймен біріктіре отырып, біз Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия елдерінің экономикаларын трансконтиненталдық көпірмен жалғап, мемлекеттер мен халықтарды жақындастыратын байланыстырушы буын бола  аламыз,- деді. Қ. Жақыпов.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі