Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.12.2015

АСТАНАДА ТҮРКПА VI ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ


АСТАНАДА ТҮРКПА VI ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

 

Астана, 4 желтоқсан,Мәжіліс үйі. Астанада Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясыныңпленарлық отырысы өтуде.

Алқалы жиынды алғы сөзбен аша отырып, Қабиболла Жақыпов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының алтыншы жалпы отырысы Қазақстан үшін айрықша маңызы бар уақытта өтіп жатқанын атап өтті.

Мәжіліс Спикері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауымдастық мойындаған және қолдаған бірқатар жаһандық бастамалардың авторы екенін алға тарта отырып, бүгінгі таңда Түркі Кеңесіне мүше-мемлекеттер ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретінде белсенді түрде әрі зор табыспен дамып келе жатқан ТүркПА-ны құру идеясы да Қазақстан Президентінің бастамасы екенін ерекше атап өтті.

Одан әрі Мәжіліс Спикері ТүркПА-ның іс басындағы төрағасы ретінде алдағы атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарына тоқталды. Ол негізгі үш бағыттан тұрады. Бірінші ТүркПА Комиссиялары қызметінің мазмұнын жаңарту және тиімділігін арттыру.

Ассамблея қызмет ете бастағаннан бері 4 тұрақты комиссия шеңберінде елеулі жұмыс атқарылып келеді. Ассамблеяның жұмыс құрылымы болып табылатын комиссиялардың әрқайсысындағы жұмысты жандандыру қажет деп санаймыз.

Біз комиссиялардың жұмысын мазмұндық жағынан жаңартуды және бірқатар бағыттар бойынша бірлескен іс-шараларды жоспарлауды ұсынамыз.

Екінші. Ұлттық заңнамаларды жақындастыру.

ТүркПА-ның басты міндеттерінің бірі – қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және өзара жақындастыруболуға тиіс.

Бұл заң шығару жұмысын Комиссиялар шеңберінде жүргізген жөн. Комиссиялардың мұндай қызметі өзара                            іс-қимылдың өзекті мәселелері, атап айтқанда, жоғарыда ұсынылған заңнама салалары бойынша ұлттық заңнамаларды жақындастыруға бағытталуға тиіс.

Үшінші. ТүркПА-ның бұдан арғы белсенді халықаралық қызметі.  Біздің Ассамблеяның әртүрлі халықаралық институттармен, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін институттарменхалықаралық байланысын нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыру маңызды деп санаймыз,-деді Қ. Жақыпов

Қ. Жақыповтың пікірінше бұл бағыттарАссамблеяның алдағы жылдардағы перспективалық күн тәртібін құрайтын болады.

Маңызды жиынға қазақстандық парламенті өкілдерімен қатар, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан, және Түркияны парламенттік делегация мүшелері, Бакуде өткен ТүркПА отырысында байқаушы мәртебесіне ие болған Мажарстан делегациясы өкілдері қатысуда.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі