Басты бет /  Мәжіліс
Жаңалықтар

16.05.2012

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Санкт-Петербор қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация алғашқы кездесулерін өткізді.

16.05.2012

«Нұр Отан» - Экономикалық саясат жөніндегі кеңес- Инновациялық кластер

Астана, Мәжіліс Үйі. 16 мамыр. Ертең, 6 мамыр күні «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында 406 бөлме, сағат 15.00-де «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес «Инновациялық кластерлердің жұмыс істеуі және олардың инфрақұрылымын дамыту туралы» деген тақырыпта басқосу өтеді.

16.05.2012

Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілендіруді реформалау» тақырыбында конференция өтеді

АСТАНА. 16 мамыр. Мәжіліс үйі. Ертең, 17 мамыр күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілендіруді реформалау» тақырыбында конференция өтеді (конференц-залы, 10-00).

16.05.2012

Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі

Астана, Мәжіліс үйі. 16 мамыр. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігінде өткен Палатаның жалпы отырысында депутат Оразкүл Асанғазы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

16.05.2012

Архитектура-құрылыс саласындағы лицензияларын қайта рәсімдеу мәселесінен хабардар етсеңіз

Астана, Мәжіліс үйі. 16 мамыр. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігінде өткен Палатаның жалпы отырысында депутат Николай Кузьмин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

16.05.2012

Мемлекет білікті орта буын мамандарына зәру болып отыр

Астана, Мәжіліс үйі. 16 мамыр. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігінде өткен Палатаның жалпы отырысында депутат Алмас Тұртаев Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа депутаттық сауал жолдады.

16.05.2012

МӘЖІЛІСТІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ

АСТАНА. 16 мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

15.05.2012

«Дербес деректер туралы» заң жобасы таныстырылды

Астана, 15 мамыр. Мәжіліс Үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот құқықтық реформа комитеті «Дербес деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымын өткізді.

15.05.2012

16 мамыр күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

АСТАНА. 15 мамыр. Мәжіліс үйі. 16 мамыр, сәрсенбі күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді (сағ. 10-00).

14.05.2012

Жұмыс тобының мүшелері 160-тан астам түзету енген Салыстырма кестені жеке баптар бойынша қарап шықты

АСТАНА. 14 мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті.