29.02.2012
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
Сенаттың Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті депутаттарының салалық мекеме министрі Нұрлан Қаппаровпен бүгінгі кездесуінде қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік саясатты іске асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
29.02.2012
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов Кавказ мұсылмандар Басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшукюр Паша-задаға Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәмидің биылғы 30-31 мамырда Астанада өтетін діни лидерлердің IV Съезіне шақыруын Бакуде табыс етті.
28.02.2012
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
Парламент Сенатының депутаты Икрам Адырбеков Дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің Бас хатшысы О.Твейтке, Дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы М. Юнгеге, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қ.Тоқаевқа Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәмидің Астанада өтетін кезекті IV діни форумға қатысуға арналған жеке шақыруын Женевада табыс етті.
27.02.2012
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
25.02.2012
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
Сауд Аравиясы Корольдігі Консультациялық кеңесінің Төрағасы Абдалла Аль Аш-Шейхтің шақыруы бойынша G 20 елдері төрағаларының 3-ші консультативтік кездесуіне қатысу үшін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми жұмыс бабындағы сапармен Риядқа (Сауд Аравиясы) келді.





