Хабарландырулар
| 13.12.2011 | Құрметті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары және Аппараттары қызметкерлері! Қазақстан Республикасы Парламентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр. Көрмені келіп көруге шақырамыз. | Ашу |
| 10.11.2006 | Құрметті Парламент Сенатының депутаттары және Сенат Аппаратының қызметкерлері! Парламент Сенатының кітапханасында ТМД елдері заңнамасының (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова және т.б.) деректер базасы орнатылғанын хабарлаймыз. Танысуға және жұмыста пайдалануға шақырамыз. | |
| 09.11.2006 | 2006 жылғы 9 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен туындайтын негізгі ережелерді іске асыру мәселесі бойынша Сенат Аппараты мемлекеттік қызметшілерінің семинар-кеңесі өтеді. Семинар-кеңеске Парламент Сенаты Аппаратының мемлекеттік қызметшілері шақырылады. Өткізу орны – Парламент Сенатының отырыс залы. | |
| 03.11.2006 | 2006 жылғы 8 қарашада сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында электрондық цифрлық қол қою пайдаланылатын ведомствоаралық құжат айналымының тұсаукесері өтеді. Сенат депутаттары, құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Сенат Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде іс қағаздарын жүргізуге жауапты мемлекеттік қызметшілер шақырылады. Өткізу орны – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырыс залы. | |





