Вопросы и ответы

Вопрос

Ассалаумаалейкум ағайындар!!!сұрағым мынандай:"Өзім Алматыда оқитын студентпін,неге грантта оқитындарға автобуста жеңілдік бар да,ал ақылы бөлімде оқитындарға жеңілдік жоқ? Әлде ақылы бөлімде оқитындар адам емес па?"...........


Ответ

Күндізгі бөлімде оқитын студенттердің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүріп-тұрудағы жолақы жеңілдігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 6-бабы 4-тармағына сай жүзеге асырылады. Заңның іске асырылуын қадағалау жергілікті өкілетті органдар (мәслихат) құзырында. Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы беріледі, грант иегерлеріне мемлекет стипендия төлейді, жатын орын бөледі, оған қоса демалыс кезеңінде жол жүру жеңілдігіне ие. Мемлекеттік білім беру грантына қажетті балл жинай алмаған азаматтар ақылы негізде білім алады. Ақылы негізде білім алушылардың үлгерім көрсеткіштері жоғары болған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша бос орындарға ауысу құқығы бар. Сондай-ақ, студенттерді әлеуметтік қолдау үшін екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттік несиелендірудің жаңа жүйесі жасалды. Студенттерге берілетін несиеге «Қаржы орталығы» АҚ кепіл болады.