Бектурганов
Ерсултан
Утегулович

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности

Обращение к депутату
БРАТИСЛАВА (СЛОВАКИЯ) ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАРА ТӨБЕ

БРАТИСЛАВА (СЛОВАКИЯ) ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАРА ТӨБЕ

Зымырап, өтіп бара жатқан уақыт деген осы екен. Былтыр, яғни 2019 жылғы мамыр айында біз сенатор-генерал Нұржан Нұрсипатов екеуміз Парламент аралық Ассамблеяның жұмысына қатысу үшін Словакияның астанасы Братислава қаласына іс сапармен барған едік.

Біздің сұрауымыз бойынша елшіліктің қызметкері Саян деген дипломат жігіт бізді Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға қойылған ескерткіш тұрған жерге алып барды. Бірінші көзге көрінетіні, бұл мемориалдың қаланың ортасындағы ең бір көрнекті, қаланың барлық нүктесінен көрінетін бйік жерге орналасқаны болды. Екіншіден, жергілікті халықтың, қала билігінің бұл комлекіске деген құрметі мен оны таза сақтап, туризм орталығына айналдырғаны сүйсіндірді.

Қайтыс болған батыр аталарымыздың барлығының дерлік басында туылған күні және жерленген уақыты 04.1945 жыл (апрель 1945 г.) деген мраморға жазылған белгілер тұр. Сол жерде тұрып, батырларымыздың өмірлерінің қысқа болғаны және жеңіс туының Рейхстаг төбесінде желбіреуіне санаулы күндер қалғанда мерт болғанына жүрегің жылайды, қайғырасың! Шет жерде жерленген мыңдаған әскерилердің ішінде бұрынғы Кеңес Одағындағы көптеген ұлттардың өкілдері және қазақ азаматтары да бар екен.

Аталарымыздың алдында тізе бүгіп, тағзым етіп, марқұмдарға құран бағыштадық, үнсіз тұрып еске алдық. Үлкен тізімнің ішінен есімде қалғаны Бекмагамбетов Қоңырқаз (Х.1901-IV.1945) және Әбішұлы Сейітжан (1905-1945) деген жауынгерлердің аттары еді. Олар туралы балалары, немере, шөберелері білетін болуы керек.

Кетіп бара жатқанда сонша жерлестеріңнің Европа жерінде, бір төбенің үстінде қалып бара жатқанына жүрегің сыздағанымен, олардың осы біздің бүгінгі бейбіт және бақытты өміріміз үшін күрескенін еске алып, өзіңді - өзің жұбатасың, шүкіршілік етесің.

Бүгінгі Ұлы жеңістің 75-жылдығы қарсаңында барлық Отан соғысына қатысқандарға және соғыс әрекетінің алдыңғы шебінде жүрген әскерлерді қамтамасыз ету үшін тылда тәулігіне 18-20 сағат еңбек еткен отандастарымызға басымызды иіп, құрмет көрсетеміз! Бүгінгі ұрпаққа бейбітшілік пен тыныштық тілейміз!



Мәжіліс депутаты,

"Nur Otan” фракциясының мүшесі:

Ерсұлтан Бектұрғанов