ДУЛАТБЕКОВ
Нурлан
Орынбасарович

Член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
Цифрлау процесінде мұрағаттық құжаттардың зақымдануы туралы

                                                                                                                                               Қазақстан Республикасы

                                                                                                                                            Мәдениет және спорт министрі

                                                                                                                                                      А.Р. Райымқұловаға

                                                                      Депутаттық сауал

                                                     Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!

2020 жылдың   сәуір айында "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама жарияланды.  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі  әлеуетті жекеше әріптестің "Цифрлық фабрика"мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлады.

Бұл жобаның мақсаты шынында да өзекті әрі уақтылы - «Мұрағат - 2025» мемлекеттік жоспарын іске асыру аясында Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын цифрлау бойынша кешенді жұмыстар  атқарылады. Олардың нәтижесінде ақпараттарды жедел пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл  мемлекеттік қызмет көрсету саласына  да оң ықпалын тигізетіні анық.  

 Алға қойылған мұраттарды орындау үшін бүкіл облыстарда мұрағат орталықтары ашылмақ. Алайда, «Цифрлық фабриканың» жобасын іске асыру тетігіне қатысты бірқатар сұрақтар бар.

Басты мәселе - бұл әлеуетті жеке серіктестермен цифрлау жұмыстарын жүргізу кезінде мұрағаттық құжаттардың бүтіндігі мен  сақталуын қамтамасыз ету.  1996 жылдың қыркүйегінде Пекиндегі Халықаралық архивтер Кеңесі Бас Ассамблеясының отырысында қабылданған мұрағатшылардың халықаралық Этикалық кодексінің принциптеріне сәйкес, "мұрағатшылардың басты міндеті - сақтауға берілген құжаттардың бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз ету болып табылады".

1998 жылғы 22 желтоқсанда мақұлданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 19-тармағына сәйкес, тек мемлекеттік мұрағаттар ғана Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз етуге  құқылы. Тиісінше, мұрағат құжаттарын цифрландыру үшін  жұмысқа тартылатын әлеуетті жеке серіктестердің көздеген мақсаттары мен міндеттері өзге болғандықтан,  құжаттарға қамқор бола алатыны күмән келтіреді.

Ұсынылған жоба бірнеше сұрақтарды тұғызады, мәслен:

1.Мұрағаттау орталықтары құрылатын болса, құжаттарды цифрлау олардың аумағында жүзеге асырылады.  Цифрлау жұмыстарын жүргізу  кезінде құжаттарды сақтау шарттары қалай қамтамасыз етіледі?  Ең басты мәселе, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жеке серіктестерге қаншалықты беруге құқылы?

2. Мұрағаттық құжаттарды цифрлау процесі оларды тігуді көздейді. Анықтама бойынша мұрағаттық құжаттар жаңа емес, тарихы бар, көбінесе ескі құжаттар болып табылады. Яғни цифрлау процесінде мұрағаттық құжаттар зақымдануы мүмкін (парақтың үзілуі немесе  бітелуі). Мұрағат құжаттарын қалпына келтіруді кім жүзеге асырады?

3. Жеке серіктестерге мұрағаттарды пайдалануға беру кезінде құжаттарды жоғалту, ескірту, айырбастау, сыйға тарту немесе жеке басының, жемқорлық себебімен өз пайдасына  сәйкес қолдануы мүмкін. 

Цифрландыру - түпнұсқаны сақтаудың, мұрағат құжаттарына қол жетімділікті кеңейтудің бір тәсілі. Бірақ, ол үшін тарихи  құжат жоғалып кетпеуі керек.

 Сондықтан цифрлау бойынша жұмысты жалғастыру үшін оны осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар мамандар жүргізгені жөн. Яғни, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық базасын кеңейту және нығайту, мемлекеттік мұрағаттардың штаттарын кеңейту, аз жалақыларын көтеру, тіпті олардың базасында құжаттарды цифрлаумен айналысатын мұрағаттау орталықтарын құру.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мұрағаттарға  қолдау көрсетуді және «Цифрлық фабрика» жобасындағы  өзекті мәселелерді ескере отырып, қайта қарауды сұраймын.

Мұрағаттар мәселері бүгінгі  таңда  да басты  назарда.

Жиі үзіліп, көп жалғанған төл тарихымызды терең талдау  керектігін ел Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаев қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күніне бағышталған үндеуінде терең, жан-жақты ашып айтты.

Ендеше, келер ұрпаққа  қызмет  етуі үшін  мол мұраларымызды толық, мұқият сақталуын қамтамасыз етейік.

 

Құрметпен,                                                                                                                                              Н. Дулатбеков