ЕРЖАН
Кудайберген
Толепович

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
«Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол жобасы бойынша депутаттық сауал

 

                                                                                                                                                   Қазақстан Респуликасының

                                                                                                                                                   Премьер-Министрі

                                                                                                                                                    Б.Ә.Сағынтаевқа

                                                                                           Депутаттық сауал

                                                                                   Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

        «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол жобасын елімізге маңыздылығын, біз «Нұр Отан» партия мүшелері халықпен кездесіп, сайлау алды бағдарламаны талқылап жүріп осы жобаны алға тұтып жүрдік. Шын мәнінде мемлекетіміздің экономикасының дамуына оң ықпалы тиетіні белгілі. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған, ұлтымыздың ұлы бағдары болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы – «Мәңгілік Ел» идеясының өмірде жүзеге асатын сәтін жақындатып, Қазақстанның әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына қосылуына деген сенімді нығайта түсері анық.

        Менің депутаттық сауалымның негізі жол мәселесіне қатысты бағытталады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күн тәртібінде белгіленген маңызды міндеттің бірі. Соңғы уақыттарда елімізде жол-көлік саласындағы орын алған апат көлемі біршама ұлғая түскені байқалады. Бұл бағытта туындап отырған мәселені тіпті ширата түсу керек, яғни ашып айтатын болсақ, Бұл Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағытында салынып жатқан тас жолында, жоспарланған қолданысқа беру мерзімнен кеш калып жатқаны ел жұртқа белгілі, оған өзінің объективті және субъективті себептері бар. Көп жерлерде оған мердігерлердің дайындықсыз, тәжірибелерінің аз немесе техникалық жабдықтардың жеткіліксіз болғандықтан туындайтыны айқын. Соның салдары жолдың қолданысқа беруі мерзімін кешігуі және жолдың сапасының кемдігіне алып келеді.

        Біреудің емес, өзімнің көрген жайыттарды айтатын болсам, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент Самара трассасында Ынтымақ елді мекенін, тас жол ортасынан жарып өткен. Ауыл тұрғындары бірін бірімен араласа алмай, мал өріске шығалмай және балалары мектепке баруы қиындап, қазақша айтқанда, жандарын шүбірекке түйіп жүр. Осыған ұқсас жағдай, Түркістан қаласының жанынан өткен тас жолы, халық тұтынуға салынған балалар ауруханасына қол жетуі қиындап, қызмет көрсетуге оң нәтижесін бермей отыр.

        Біздің еліміздің, туризм салтының дамуына үлкен үлес қосатыны анық, Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолында инфра құрылымдарының аздығы немесе тіпті жоқтығы, жолаушылардың наразылығын келтіріп отыр.

        Көш жүре түзеледі деген қазақтың оптимистік қанатты сөзіне сүйене отырып, тағы бір проблеманы айтып өтейін.

        Аталмыш жолда, жолаушыларға қажетті жағдай қарастырылмаған. Ол жол жанында, белгілі арақашықтықта қажет болатын жанар-жағармай, асхана, дәретхана сияқты қызмет көрсету орындарының болмауы елді толғандырады.

        Жүз жылды айтпағанда, жылда болатын табиғи көріністерді еске алмай, салынған су өткелдері, көпірлері талапқа сай келмей тұр, оған себеп, жобалау кездегі қателік, мердігерлердің өз міндеттерін талапқа сәйкес орындамағаны, келісім шартта көрсетілген қауіпсіздік шараларының, жолға қойылатын белгілерідің болмауы, жол сызық жолақтарының жоқтығы себеп болып тұр. Бұдан басқа Шымкент-Ташкент тас жолдарында болып жатқан жол апаттары үлкен қайғылы жағдайға әкеліп жатыр. Барлығына бірдей күйе жағуға болмайды. Міндеттерін адал орындап жатқандары бар.

        Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыдағы жағдайды түсіністікпен қарай отырып, мәселенің өзектілігін ескеріп, тиісті шара қолдануыңызды сұраймын.

        Құрметпен,

        «Нұр Отан» партиясы

        Фракциясының мүшесі                                                                                                  Қ. Ержан