ЕРЖАН
Кудайберген
Толепович

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН САЛЫНЫП ЖАТҚАН БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ ЖОЛ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛҒА ЖАУАП

                                                                                                                                                                     Қазақстан Республикасы                                                                                                                                                                      Парламенті Мәжілісінің депутаты

                                                                                                                                                                     Қ.Т. Ержанға

2016 жылғы 20 қазандағы

№ ДС – 137 хатына


                                                                                    Құрметті Құдайберген Төлепұлы!


        Сіздің автомобиль жолдарының жай-күйіне және дамуына қатысты депутаттық сауалыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз.

        «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарламаның жобасы) шеңберінде автомобиль жолдарын салу мәселелері басым мәнге ие болып табылады, ол елімізде көліктік-логистикалық хабты қалыптастыру тұжырымдамасына және Орталық Азия өңірлеріндегі елдер арасындағы берік өзара байланысты орнатуға сәйкес келеді.

        Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаның осы жобасын әзірлеу барысында 2015 – 2019 жылдар аралығында ұзақтығы жеті мың километрден астам республикалық маңызы бар 11-ге жуық автожол жобаларын іске асыру мәселелері ескерілген.

        «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін іске асыру мерзімдеріне қатысты.

        Дәлізді іске асыру барысында «Алматы - Қорғас», «Шымкент – Ташкент», «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерін бастапқыда концессиялық негізде іске асыру болжамдалған, алайда әлеуетті концессионерлердің болмауына байланысты 2013 жылы Халықаралық қаржы институттарының қарыз қаражатын тарта отырып, қаржыландыру көздерін өзгерту шешімі қабылданды.

        Осы учаскелерде қозғалыстың ашылуы ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.

        Ынтымақ кенті тұрғындарының тас жолдан өту мәселелері туралы.

        Жобалық құжаттарды әзірлеу кезінде қолайлылықты қамтамасыз ету және қауіпсіздік шараларын сақтау үшін жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізілді, олардың барысында «Самара–Шымкент» (2116-2119 км.) автомобиль жолының учаскесінде Ынтымақ кентінде және Түркістан қаласының айналма жолы учаскесінде жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша жаяу жүргіншілердің жүрісін реттеу үшін бағдаршам орнатылды, ауылға кіретін және шығатын жерлерде екі мал айдайтын жол салынды, ауылдың ішінде және көліктік жол айрықтарында жарық орнатылды.

        Сонымен қатар, 2017 жылы «Түркістан қаласын айналып өту» жолының учаскесінде екі жерүсті жаяу жүргінші өткелдерін салу жоспарлануда.

        «Ташкент – Шымкент» учаскесінде жол жүру қауіпсіздігі мәселелері туралы.

        «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру кезеңінде көлік құралдарының қауіпсіз жүруі үшін «Ташкент – Шымкент» учаскесінде жылдамдық режимін шектейтін жол белгілері орнатылған жолдың бір жолағы (құрылыс технологиясына сәйкес) пайдаланылуда.

        Бұл ретте, бақылау көрсеткендей, жылдамдықты шектеу ережелерін жол жүрісінің қатысушылары жиі бұзады, осыған байланысты Инвестициялар және даму және Ішкі істер министрліктері осы жағдайды тұрақты бақылауға алды. Бүгінгі күні осы учаскеде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол-патруль полициясының 22-ге жуық жасағы жұмыс істеуде.

        Жол маңы сервисін дамыту мәселелері туралы.

        Халықаралық автомобиль транспорты одағының ұсынымдарына сәйкес, 2015 жылғы шілде айында жол маңы сервис объектілеріне талаптар орнататын Ұлттық стандарт қабылданды.

        Стандартта жол маңындағы сервистің 260 объектісін салу және өзгерту көзделген, оның 46-сы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойында орналастырылады.

        Шағын және орта бизнестің мүдделілігін арттыру үшін уәкілетті орган жоғарыда аталған жол бойындағы сервис объектілерінің орналасу схемаларын бекіткен, сондай–ақ, қолдау көрсету мақсатында 2020 жылға дейінгі бағдарламалық құжатқа республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы жол маңы сервисін дамытудың кешенді секторын қосу мәселесі пысықталуда.



                                                                                                                                                                                            

                                                                                                                                                                                                        Б. Сағынтаев