Искандиров
Мукаш
Зулкарнаевич

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутатский запрос

2023 жылғы 24 мамырда жарияланды                                                                                                                                                                                                                                       Қазақстан Республикасы                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Премьер-Министрінің бірінші орынбасары                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Р.В.  Скляр мырзаға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

         Депутаттық сауалға себеп - соңғы кездері жиі көтеріліп жүрген темір жол мен автокөліктердің қиылысқан жерлеріндегі жол кептелістері болып тұр. Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде көптеген жол апаттары салдарынан талай азаматтарымыз қаза тауып, түрлі жарақаттар алып жатыр. Былтыр мен биылғы жылдың соңғы 7-8 айында Жамбыл облысы Мерке ауданында,  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл-Кондратовка темір жол өткелінде, Жетісу облысы Қаратал ауданында, Ақмола облысы Бурабай-Шортанды темір жол өткелінде, Ақтөбе облысы «Жазық» темір жол өткелінде болған оқиғалар осының айқын көрінісі. Осы апаттардың салдарынан 11 адам қайтыс болды.

Дәл осындай жағдай халқының саны 55 000-ге жетер тұрғындары бар Жамбыл облысы Жуалы ауданынының орталығы - Б.Момышұлы ауылын екіге бөліп тұрған темір жолдың астында орналасқан көпірінде де орын алуда. Жолдың бұл учаскесінде жылдан-жылға өсіп келе жатқан автокөлік ағыны жылына 8100 - ге жетіп, қарама-қарсы келген көліктер кезек-кезекпен өткендеріне қарамастан, темір жолдың екі жағында да автокөлік кептелісін тудырып отыр. Аудан ІІ бөлімінің берген ақпаратына сәйкес тек соңғы 3 жылда өткел маңында 12 жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам қаза тапса, 7 адам әр - түрлі дәрежедегі жарақаттарын алған.

Жыл сайын азаматтарымызды жалмап, халық шаруашылығына, тұрғындардың мүлкіне келтіріп жатқан шығындарды болдырмайтын, темір жол мен автомобиль жолдарының қиылысын реттеудің басқа бір оңтайлы әрі көп қаражатты қажет етпейтін шешімін табу заман талабы. Аудан орталығындағы темір жолдың үстімен күн сайын маңызды жүктер мен жолаушылар тасымалдайтын 120 пойыз өтеді, бұл проблема ауданның 60-қа тарта ірі және орта кәсіпорындары көрсететін қызметтер мен жеткізілетін тауарлардың бағасына тікелей әсер ететінін ескеру керек.

Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы, материалдық тұрғыда тозығы жетіп, бетон қабырғалары жарылып, тұрған темір жолдың астымен өтетін көпірге күрделі жөндеу өткізіп, сол арқылы екі көлік сыйатындай етіп кеңейту. Бұл жоба әлдеқайда арзан, әрі қысқа мерзімде жүзеге асыруға болады.

Жоғарыдағы мәселе бойынша, Жамбыл облысы әкімінің атынан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясының» басқарма төрағасы Н.Е.Сауранбаевқа 2021 жылғы 15 мамырда №01-4403 хат жолданған болатын. Нәтижесінде арнайы комиссия Б. Момышұлы ауылына келіп барлығын аралап, көпірдің тозығы жеткендігін, пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін, көлік кептелісі орын алатындығын көзбен көріп, жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін техникалық тапсырманы әзірлеу үшін ұсыныс берген тиісті Акт жасалды.

Құрылыс монтаждау жұмыстарына қажетті қаржы мәселесі                            2022 жылғы «ҚТЖ»ҰК» АҚ басқармасының бюджетті жоспарлау кезінде қаралатыны туралы, басқарма төрағасының орынбасары (Урынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы) ауданға келген іс-сапарында мәлімдеген болатын.
Алайда бүгінгі таңда, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін техникалық шарттарды даярлауға басқарма ішінде тиісті конкурс жарияланбаған. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарына берілген уәде орындалмай қалу қауіпін тудырып отыр.

Құрметті Роман Васильевич!

Жоғарыда баяндалған негізінде көтерілген мәселе бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясына» проблеманы шешуді қарастыруға тапсырма беруіңізді және осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген уақытта жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.

Қосымша: 8 парақтан тұрады.

Құрметпен,  

«Amanat» партиясы

фракциясының мүшесі:                                            М. Искандиров

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының мүшесі:                                            К. Сейтжан

                                                              

орынд. М. Айтеев

тел: 8 (7172) 746762

aiteev@parlam.kz