КАРАТАЕВ
Фахриддин
Абдинабиевич

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Nur Otan" партиясы, фракция мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінәбиұлы Бәйдібек ауданында кездесу өткізді.

11.07.2019 жылы  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Nur Otan" партиясы, фракция мүшесі Фахриддин Қаратаев Әбдінәбиұлы Бәйдібек ауданы Боралдай, Екпінді және Ақбастау елді мекендерінде кездесу өткізді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша, "Құтты мекен " бағдарламасы аясында ауыз су жүйесінің жұмысымен танысты. Кездесуде аудан әкімі орынбасары  Айкен Темір Мәкенұлы, аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты  М. Нахипбеков, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К. Ахметов, аудандық мәслихат депутаттары  Н.Тұрғынбаев,  А. Байысбеков, Б. Кенжебаев және шаруашылық  жетекшілері қатысты. Екпінді елді мекенінде аудандық тұрғын үй коммуналдық мекемесінің басшысы Р. Айтбеков және жетекшілік етіп жұмыс жүргізіп жатқан "СТ- Сервис" ЖШС - і мердігер мекеме басшысы  Б. Абдукадиров ауыз су құбырларының жұмыстарымен таныстырып сапасына мән беріліп жатқандығы жөнінде айтылды. Кездесуге ауыл әкімдері мен жергілікті ауыл тұрғындары  қатысты.  Боралдай ауылы округіне қарасты "Бағдат" ЖШС - нің егіс алқабындағы жұмыстарымен және Ақбастау елді мекеніндегі "Қозыке" ШҚ- ның егістік алқабының жұмыстарымен танысты. Аудандық филиал төраға бірінші орынбасары Т. Дүйсенбеков іс сапар барысында бірге болып атқарылып жатқан жұмыстары туралы баян етті.