Назарбаева Дарига
Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Д.Н. Назарбаеваның медицина ұйымдары қызметкерлерімен кездесу

ХАТТАМАСЫ

 

      Өту орны: Астана қаласы

«№ 3 қалалық перзентхана» МКҚК

Өту уақыты: 2012 жылғы 19 қыркүйек

 

Төрағалық етуші: К. Джамбулатов - Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қатысушылар:

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласы медицина ұйымдарының бірінші басшылары.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын талқылау.

 

1. Тыңдалды:

К. Джамбулатов – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Құрметті әріптестер! Ел Президенті Қазақстанға революция емес, экономикадағы, менеджменттегі, қоғам мен қозғалыстағы модернизациядағы революция қажет екендігін белгілеп берді. Қазақстанға қоғам игілігіне қол жеткізумен экономикалық табыстағы дисбалансты табу керек. Бұл жағдайда сөзсіз әлеуметтік-экономикалық жаңғырудағы басты міндет көрініс табады. Бүгінгі күні мыңдаған астаналықтар, қазақстандықтар Қазақстан дамуының векторларының уақытылы анықталуына байланысты тағы да Елбасының даналығын мақтан тұтады.

Бүгінгі күнгі негізгі сұрақтың бірі Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпы Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам болып табылады. барлық ұйымдар мен ұжымдарда парламент мәжілісінің, Елорда мәслихатының депутаттарымен және Астана қаласы саяси кеңесімен кездесулер өткізіліп жатыр. Қонақтарымызды таныстырып өтейін:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Петухова Надежда Михайловна.

3. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сегізбаева Айгүл Кимқызы.

Сөз Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сегізбаева Айгүл Кимқызына беріледі.

 

 

Сөз сөйлегендер:

 

2. Тыңдалды:

А.К. Сегізбаева – Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарының желісі.

Қалалық денсаулық сақтаудың проблемалық сұрақтары.

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, Надежда Михайловна, Сіздерді ұжымымызда қарсы алғанымызға қуаныштымыз және осы кездесу мен бізге көрсететін көмегіңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз!

Басқармаға қарасты 33 денсаулық сақтау ұйымы бар, оның 9-ы амбулаториялық-емханалық кешен. Астана қаласында 8 жастар денсаулығы орталығы (бұдан әрі – ЖДО) бар. астана қаласының жастар денсаулығы орталықтары «2012 жылғы ЖДО дамытудың үздік жобасы» номинациясында (№ 4 қалалық емхана «Рауан» ЖДО), «2012 жылғы ЖДО үздік сайты» номинациясында аталып өтілді.

11 аурухана, 3 босануға көмек мекемесі бар. Бұдан басқа: «Мамандандырылған балалар үйі» ММ, «Оқу - клиникалық орталығы» ЖШС, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы, ЖҚТБ орталығы, патологоанатомиялық бюро, стоматология және «Дезинфекция» ЖШС, Медициналық колледж, Арнайы медициналық жабдықтау базасы жұмыс істейді.

3 жеке меншік медицина ұйымында («Кировская» ОДА, «АМУ» ЖШС, ОЖА емханасы) Басқарма АМСК көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастырды.

Медициналық кадрлар: жалпы саны 2601 – дәрігер, 4 368 – орта медицина қызметкері. Жеке тұлғалар бойынша тапшылық: 968 – дәрігер, 1593 – орта медицина қызметкері.

Алайда, Астананың ерекшелігі халық санының өсуі болып табылады, соңғы 5 жылда 160,7 мың адамға артты және 2012 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға байланысты 763457 адамды құрады, оның ішінде тіркелгені де бар, тіркелмегені де бар. Туу көрсеткішінің артуы 2005 жылы 21,3-тен 2012 жылы 24,94-ке дейін. Жас еңбек ресурстарының, студенттердің, оқушылардың келуі, мысалы соңғы 4 жылда астанаға 16 495 мектеп оқушылары келді (Білім министрлігінің мәліметі бойынша). Барлық аталған процесстер Елорда денсаулық сақтауының жұмысына әсер етеді. Тұрғын үй кешендерінің салынуы медициналық қаралуға мұқтаж жас отбасылардың келуіне түрткі болады.

 

Жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы:

Елорда дамуының серпінділігі және Қала әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұлғасындағы мемлекеттің басым көңіл бөлуін көбінесе денсаулық сақтау жүйесі сезінетін сияқты. Соңғы 8 жыл ішінде 9 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. 2 жылда № 2 қалалық аурухана (360 орынды), № 3 перзентхана, 2011 жылы № 1 қалалық аурухана пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылдың соңына дейін құрамында ауысымына 250 орынды қабылдауға арналған консультативтік - диагностикалық емханасы бар 350 орынды көп салалы балалар ауруханасы және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында (оң жағы) ауысымына 500 адамды қабылдауға арналған амбулаториялық – емханалық кешен іске қосылатын болады. Ауысымына 500 адамды қабылдауға арналған амбулаториялық – емханалық кешен, оң жағалауда, Аманат көшесі, 3 мекен-жайы бойынша.

Астана қаласының негізгі көрсеткіштері жаман емес, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізілді.

Ана өлімінің көрсеткіші 2012 жылдың 8 айы ішінде 100 мың тірі туғанға 7,1 - ҚР=14,6. 5 жылда бұл көрсеткіш 35% төмендеді.

Нәресте өлімінің көрсеткіші Астана қаласы бойынша 2012 жылдың 8 айы ішінде мың тірі туғанға 10,8 құрады (ҚР=14,2), соңғы 2 жылда 13% төмендеді.

• Ағымдағы жылдың тек соңғы 8 айы ішінде былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда Қан айналымы ауруларынан қайтыс болу көрсеткіші 23,7% азайды және 100 мың тұрғынға 116,1 құрады. ЖИМ нәтижесінде қайтыс болу көрсеткіші де 38,6% азайды және 100 мың тұрғынға 6,4 құрады. Тек № 2 қалалық ауруханада коронарография қаладағы барлық шұғыл жағдайлардың 61% орындады (соңғы 1,8 жылда 1704 коронарография, 658 стенттеу, 535 кардиохирургиялық операция жасалды).

Онкология: Астана қаласында қатерлі ісікке шалдығу көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр, ол 2012 жылдың 8 айы ішінде 6,3% төмендеп, 100 мың тұрғынға 160,7 (ҚР 179,6) құрады.

Қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болу көрсеткіші 9,9% азайды және 100 мың тұрғынға 78,3 (ҚР=90,8) құрап отыр. Онкологиялық аурулардың 1-2 дәрежесінде анықталған тұлғалар үлесі артып, 54,6% құрады.

Соңғы 5 жылда жалпы қайтыс болу көрсеткіші 21,3% азайды, 100 мың тұрғынға 6,1-ден 4,74-ке дейін.

АҚТҚ жұқпасын жұқтыру 4,5% төмендеді.

Былтырғы жылы ТБС бойынша нақты оң динамика байқалып отыр: ауруға шалдығу 18,8% төмендеді (100 мың тұрғынға 114,1, ҚР бойынша 86,2), ТБС қайтыс болу көрсеткіші 38,7% азайды (100 мың тұрғынға 6,0 және ҚР бойынша көрсеткіштен төмен).

 

Проблемалық сұрақтар

• Шұғыл стационарлар қаладағы шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша 70% жүктемені алып жүрсе де, тарифтер төмен. Қазіргі кезде шұғыл көмекке деген төмен тарифтердің себебінен республикалық клиникалар шұғыл медициналық көмек көрсетуден бас тартуда.

• Стационарлардың шығындарын толық өтемеу дифференциалды ақы төлеуге қаржы үнемінің болмауына және төмен жалақыға әкеліп соғады, әсіресе босануға көмек ұйымдарында және балалар ауруханаларында. Орташа еңбек ақы 96,8 мың теңге, орта медицина қызметкерлері үшін 73,3 мың теңге.

• Амбулаториялық-емханалық көмек бойынша шығындарды өтеуге қатысты аймақтар арасында өзара есеп айырысу механизмдерінің болмауы. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұйымды еркін таңдау қағидаларына сәйкес Астана қаласында миграциялайтын және тіркелмеген тұрғындардың үлкен ағымы қалыптасады,  ауырлық қаланың статистикалық анықталған тұрғындарына бөлінетін қала бюджетіне түседі. Көмек көрсетуден бас тарту шағымдарды туғызады.

• Амбулаториялық - емханалық қызметтің жүктемеден тыс жұмыс істеуі сақталып отыр, әсіресе сол жағалауда, тиісінше осыдан тұрғындардың АМСК деңгейіне қатысты шағымдары туындайды.

• Осы орайда Астана қаласының әкімдігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірге белгілі бір жұмыстарды атқаруда.

1) 19-көшеден оңтүстікке қарай сол жағалауда амбулаториялық-емханалық кешеннің құрылысы. Оның құрылысын аяқтау қаржы бөлуді қажет етеді. Бюджеттік комиссияның қорытындысын, одан кейінгі сараптаманы алу және 2013 жылы қаржыландыру үшін аталған жоба республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылды. 

2) Студенттер емханасын салу: 2008 жылғы жобаны түзету қажет болып отыр. Осыдан кейін қаржыландыруға өтінім 2013 жылдың басында РБК нақтылауға жолданатын болады. 

3) Қала маңының жүктемесін азайту үшін 8 АМСК орталығын салу жоспарланып отыр, 2 АМСК орталығының (Өндіріс және Көктал-2 кенттерінде) жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды, 2013 жылы құрылысты бастауға өтінім берілді.

4) Жұқпалы аурулар ауруханасына қатысты 2013 жылға жобаны түзету жүргізіліп жатыр.

10 орынды Нәрестелердің неонаталды хирургия орталығы ашылды. Онда 26 операция жасалды.

 

Д.Н. Назарбаева:

Бұл мәселені қалайша шешесіздер?

А.К. Сегізбаева:

- қазіргі кезде кейбір медицина ұйымдарының кредиторлық қарыздары бар. Қала медицина ұйымдарындағы жалақы деңгейі республикалық мекемелерге қарағанда төмен. Бізде қазіргі заманғы жабдықпен жабдықталған клиникалар бар. Сонымен бірге төмен жалақыға байланысты, қаланың медицина ұйымдарынан білікті дәрігерлер жалақысы жоғары, ал жұмыс көлемі шұғыл емес, жоспарлы республикалық және жеке меншік орталықтарға кетуде. Бұдан басқа, біздің емханаларда тіркелмеген тұрғындарға медициналық көмек көрсетіледі.

 

Д.Н. Назарбаева:

Медицина ұйымдарына Астанада тұрмайтын тұрғындар хабарласқан жағдайда, оларға ақшаны қайдан аласыздар?

 

А.К. Сегізбаева:

Астана қаласының бюджетінен, кейде ақылы қызмет есебінен. Алайда, қала бюджеті статистикалық тіркелген тұрғындарға ғана есептелген. Қазіргі кезде бюджет аралық аймақтар арасында осы шығындарды өтеу механизмі жоқ.

 

Д.Н. Назарбаева:

Оларға ақы төлеу қарастырылған ба?

А.К. Сегізбаева:

Оларға қызмет көрсетуден бас тартсақ, шағымдар түсе бастайды, қазіргі кезде бұл сұрақ шешімін тапқан жоқ. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қағидаларына сәйкес ұйым мен дәрігерді еркін таңдауға құқықтары бар. Бұдан басқа,  амбулаториялық-емханалық кешен буынына үлкен салмақ түсуде, бірақ бұл уақытша құбылыс, қазіргі кезде көптеген денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр және 2012 жылдың соңына қарай оң жағалаудағы Аманат көшесі бойында ауысымына 500 адамды қабылдау арналған АЕК пайдалануға берілетін болады, сол жағалаудағы көптеген жаңа ғимараттар салынды, сондықтан да 19-көшенің бойында 2013 жылы жаңа емханалық кешен құрылысын салу жоспарланып отыр.

Студенттер емханасының жұмысы 4 есеге артық. Келесі жылы студенттер емханасы бойынша жобаны салу жоспарланып отыр. Қала маңында 2013-2014 жылдары АМСК орталықтарын салу жоспарланып отыр.

Жұқпалы аурулар ауруханасы қаламыздағы ең ескі аурухана болып табылады. жаңа аурухана жобасы түзету деңгейінде. Одан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне құрылысты қаржыландыруға 2013 жылға өтінім жолданатын болады.

 

К. Джамбулатов:

- Рахмет.

 

К. Джамбулатов:

- енді, Дариға Нұрсұлтанқызы диалогқа көшсек....

 

Д.Н. Назарбаева:

Қазір Мәжіліске бюджет жобасы келіп түсті жәнеде біз оны қарастыруға дайындалып жатырмыз. Әлеуметтік жобалар бойынша, соның ішінде денсаулық сақтау да. Сондықтан да, денсаулық сақтау жүйесін алға жылжыту үшін біздің депутат ретіндегі бас мақсатымыз Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар арасында көмекші ролін атқару және сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды жақсартқымыз келеді.

Қазақстанның астанасы тиісті деңгейде болуы керек, оған медицина ұйымдарының жағдайы да, дәрігерлердің біліктіліктері де тәуелді. Оны жақсарту үшін біз бүгін бас қосып отырмыз, сондықтан да ұсыныстарыңызды айта отырыңыздар, ал біз оларды заң қызметі аясында іске асыруға тырысамыз.

 

Х.К. Шәріпова - № 1 қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары:

Осы кездесу үшін Сізге алғыс білдіргім келеді, қаламызды алаңдатып отырған медицина саласының 2 сұрағын атап өтсем деймін:

Демография сұрақтары бәрімізді де алаңдатады. Мен, № 1 қалалық перзентхананың басшысы ретінде кейбір сұрақтарды көтергім келіп отыр. Біздің перзентхана шұғыл көмектің 73% көрсетеді, ал шығындарды өтеу жөніндегі тарифтер өте төмен және емдеу жағдайының коэффициенті 0,8-1,0 құрайды. Емдеу жағдайының коэффициент тарифі 63%-дан 48%-ға дейін төмендеді. Тиісінше дифференциалды еңбек ақы төлеу толық көлемде жүргізілмейді. Босану саны 8 ай ішінде артып отыр және де біз жоспарды 102% орындадық, демек қараша айында бізді қаржыландырмауы да мүмкін. Сонымен бірге, тарифтер азаюда, жалақы төмен, сондықтан да 2 жыл ішінде бізден 11 білікті маманның республикалық және жеке меншік клиникаларға кеткендігін айтып өткім келеді. Біз бұл тарифтер бойынша тек өз шығындарымызды ғана өтейміз.

 

Д.Н. Назарбаева:

- қандай жүйе бойынша шұғыл көмек қаржыландырылады?

 

Х.К. Шәріпова:

- шұғыл көмек қаржыландырылмайды.

А.К. Сегізбаева:

- шұғыл көмек шынымен де қаржыландырылмайды, ал жүйе болса барлық жерде бірдей. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде аталған сұрақты қарастырып жатыр, бұрынғы тарифтермен 8 ай өтті, бірақ жыл соңына дейін  жауап береміз және тарифтерді арттырамыз деп отыр.

 

Д.Н. Назарбаева:

- тарифтерді қаншаға дейін арттырғыларыңыз келетіні жайлы мәлімет бар ма?

А.К. Сегізбаева:

- өз ұсыныстарымызды ҚР ДСМ жолдадық, қазір есептеп жатырмыз.

 

Х.К. Шәріпова:

- Сонымен қатар, дәрігердің пациенттен жәбір көретін жағдайлар да болады және ол заңмен қорғалмайды.

Д.Н. Назарбаева:

- көбінесе дәрігердің кінәсін дәлелдеу қиын, кінәлі дәрігер жағдайды оның кінәсін дәлелдеуге келмейтінде етіп, сипаттауы мүмкін. Сондықтан да, дәрігерді де осылай қорғайтын болар. Ал, өмірді сақтандыруға тоқталатын болсақ, ол әр адамның өз міндеті. Қайда, қандай компанияда өзін, отбасын сақтандыру және т.б.

Медициналық сақтандырудың жоқтығы жайлы сөз қозғасақ, егер көмек сұрап жүгінсе, ал оны соңынан ешкім өтемесе, бұл өзіне өзі айтады, ал адам сақтандырылған болса, онда ол қайда жүрсе де, елдің қай аумағында болса да, жұмыс беруші төлейтін болады. Қазір сақтандырудың көптеген моделдері бар, неміс сақтандыруы....

- біздің сақтандыруға қандай моделдердің келетіндігі жайлы оқыдыңыздар ма?

А.В. Цой - № 1 қалалық аурухананың бас дәрігері:

- Сингапурдың сирек кездесетін жүйесі бар, онда 20 пайызын пациент төлейді, қалғанын жалақы көлеміне байланысты жұмыс беруші төлейді, жалақы үлкен болса, онда пациент медициналық сақтандырудың көп бөлігін өзі төлейді, аз болса, жұмыс беруші. Яғни, пациентті ынталандыру, егер де ол медициналық қараудан өтпесе, онда көп бөлігін өзі төлейтін болады.  Әлеуметтік қамтылмаған пациенттер үшін оған көмек көрсететін қор бар. біздегі мәселе пациент өз денсаулығы үшін ынталандырылмаған, ол өзіне мемлекет төлейді деп үміттенеді.

 

Д.Н. Назарбаева:

- Олардағы шұғыл көмек жүйесі қандай?

А.В. Цой:

- Шұғыл көмек сақтандыруға қарамастан көрсетіледі, кез келген түскен науқасқа алдымен шұғыл көмек көрсетіледі, ал соңынан сақтандыру бойынша, әрбір азамат сақтандырылған.

Мынандай үрдіс бар, стационарлар салынды, ал қымбат жағдайлармен республикалық ұйымдар айналысады, ал соқырішек сияқты арзан жағдайлармен қалалық стационарлар айналысады. Қаладан біз бас тарта алмаймыз, бірнеше есе аз табыс табамыз. Холдингке қарағанда көп емдесек те, ақшаны аз табамыз. Үлкен екі аурухананы қаржыландыру Ана мен баланы орталығын қаржыландырумен бірдей. Ал 3-4 есе көп емдейміз.

Дәрігерлерді дайындауымыз сол екен, санатты алғаннан кейін олар бірден жалақысы көп жерге ауысып кетеді. Ресейде жеделдік деген 30% коэффициент бар, осыны енгізсек қой...., қауырттылық, ауыр жұмыс....

 

Д.Н. Назарбаева:

- Қалай ойлайсыздар, жеделдікке коэффициентті қалай жасауға болады?

А.В. Цой:

- бұл есепті ҚР ДСМ жасауы керек шығар, тым болмаса ½, 1/3, қызметкерлерді ынталандыруы қажет.

А.К. Сегізбаева:

- Бізде 1 жылдың ішінде көп дәрігерлеріміз басқа медицина мекемелеріне ауысып кетті.

 

Д.Н. Назарбаева:

- қала стационарлары мен республикалық стационарлар арасындағы көзқарасыңыз қандай?

 

 

А.К. Сегізбаева:

- жеделдік, коэффициентті қосу бойынша жағдай шешілсе, стационар жұмысы жақсарады және жалаық деңгейі артады. Перзентханалардаың коэффициент 1,0 құрайды.

 

Д.Н. Назарбаева:

- өздерін өз мәселелеріңді шешу жолдарын өздеріңіз іздеуді үйреніңіздер.

Медициналық сақтандыруды ертерек енгізген жағдайда, ол көптеген мәселелерді шешер еді. Қазір тек Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы ғана жұмыс істеуде, 2013 жыл ішінде жұмыстар жүргізілетін болады, жұмысты саяси қоғамға ұсынатын боламыз. Бізде Комитетте, Парламентте осы сұрақпен айналысатын боламыз.

Көптеген медицина ұйымдары басшыларының шетелде болғанын білемін, олар Франция, Ұлыбритания, Сингапурдың тәжірибесін зерттеді, ұсыныстарыңызды ескеретін боламыз. Ал медициналық сақтандыру бұл шарасыз нәрсе. Адамдар да жауапкершілікпен қарайтын болады.

Бұл жақсы шешім екен. Надежда Михайловна, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасында сақтандыру медицинасы жобасын дайындау бойынша бұл басшыны (А.В. Цойды) Денсаулық сақтау басқармасы атынан жұмыс тобына қосу туралы қолдаухат жіберейік.

Жеделдікке коэффициентті енгізу сұрағын шешу қажет.

 

- Алдын алу жұмыстары, профилактикалық қараулар қалай жүргізіліп жатыр, тұрғындар профилактикалық қарауларға қаншалықты қызығушылық танытады, Астанадағы жағдай қалай?

 

 

Г.К. Тулегенова – Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

- бұл БАҚ-та, аула-ауланы аралау арқылы тұрақты түрде жүргізілетін жұмыс. Тұрғындар скринингтің не екенін біле бастады және жауапкершілікпен қарайтын болды. Бүгінде жатыр мойынының, сүт безінінің обыры жас әйелдер арасындағы мәселе болып отыр, оны анықтау 2 есеге артты және бұл патологиядан әйелдер қайтыс болуы кездеспейді. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың арқасында біз мұндай әйелдерді сауықтырып жатырмыз және олардың бала туу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, диагностикалау да жақсы жолға қойылған.

 

Д.Н. Назарбаева:

- Бүгінгі күні тұрғындардың қандай саны профилактикалық қараулармен қамтылған?

Г.К. Тулегенова:

- Бүгінгі күні 70% қамтылды. Бұл барлық емханалардың тұрақты жұмысы. Ұйымдастырылмаған тұрғындар үшін жылжымалы пункттеріміз бар. Алайда бұл жұмыс жалғасын тауып жатыр және жыл соңына дейін жоспарланып отырған көлемді орындайтын боламыз.

 

Д.Н. Назарбаева:

- Туберкулез мәселесі жөнінде не айта аласыз?

Б.Т. Бұлдыбаев – Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері:

- иә, проблемамыз бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда тұрақтану бар. Туберкулезден қайтыс болудың жақсы тұрақтылығы бар, түрлі өңірлерден пациенттердің келуі жеткілікті. Біз барлығына көмек көрсетуге тырысамыз, бірақ науқастарды тіркеуде қиындықтар бар. 20-25% тіркелмеген тұрғындар құрайды.

Бүгінде туберкулезбен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге арналған стационар, санаторий салу сұрағы шешіліп жатыр. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу мәселесі де бар. Ол ҚР ДСМ, Кәсіподағы және т.б.деңгейлерде көтерілді. Кадрлар бойынша мәселе жоқ.

 

 

 

Д.Н. Назарбаева:

Жалпы әлемде туберкулезді емдеудің жаңа әдістері бар ма? Оларды бізде қолдану мүмкін бе? Қолданбайтын болса, неге?

Б.Т. Бұлдыбаев:

- әдістер жоқтың қасы. Соңғы кезде республика бойынша жағдай тұрақты, туберкулезге шалдығу 9-12% төмендеуде, одан қайтыс болу да төмендеуде. Әдіс ретінде туберкулезді емдеуде жаңа дәрілік заттар қолданылады, олар тез айығуға әсерін тигізеді.

 

Д.Н. Назарбаева:

- қазіргі кезде міндетті жыл сайынғы профилактикалық қараудан өту жүйесі бар деуге бола ма?

Б.Т. Бұлдыбаев:

- иә, бар.

 

К.Н. Анасова - № 1 қалалық емхананың бас дәрігері:

Бүгінгі кездесу үшін алғыс білдіремін. ҚР Үкіметінің № 1269 қаулысы бойынша емхана статистикалық мәліметтерге сәйкес сол аумақтағы тұрғындарға қызмет көрсетеді, ол қаржыландырылған. Алайда, 30-35% тіркелмеген тұрғындарға қызмет көрсетіледі, оны қаржыландыру басқа аймақтардың бюджетінде қарастырылған және Астана қаласының бюджетімен қарастырылмаған.

Д.Н. Назарбаева:

- бұл мәселені қалай шешуге болады?

А.К. Сегізбаева:

- тіркеу институтын қалпына келтіру қажет және тіркеу болған жағдай да ғана қызмет көрсету қажет.

 

 

Ж.Қ. Әжіғұлов – Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

Денсаулық сақтау сұрақтарының депутаттардың тұрақты бақылауында екеніне қуаныштымыз.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы № 850 қаулысы «Азаматтық қызметшілерді бекіту туралы», оған жататын азаматтар сауықтыруға бір айлық жәрдемақы алады, оған санитарлар, медбикелер, тазалықшылар, жұмысшылар кірмей қалды. Медицина мекемелерінің оларға өздері мұндай жәрдемақы төлеуге құқылы ету сұрағын шешуге бола ма? 

Д.Н. Назарбаева:

- жақсы, жазып алдым.

 

- медициналық кадрлардың жағдайы қалай?

 

Г.К. Тулегенова:

- студенттер халықаралық стандарттар бойынша оқып жатыр, ол 2006 жылдың жаңа бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша студенттер тәжірибеден үзілген, негізінен теориялық курс жүргізіледі, көптеген пәндер оқытылмайды. Медициналық оқыту бағдарламасын қайта қарастырылса дейміз.

Д.Н. Назарбаева:

- назарға алынды.

 

Л.П. Павловец - № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:

Бағдарламалық қамтамасыз етудің (ДСБҰЖ) жетілдірілмегеніне Сіздің назарыңызды аударғым келеді. Қазіргі кезде қағазбастылыққа байланысты дәрігерлердің пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге уақыттары жетіспейді. Біз компьютерлерден бас көтере алмаймыз.

А.К. Сегізбаева:

- құжаттардың көптеген түрлі формаларын толтырамыз, электрондық базалар және т.б.

 

М.Е. Төлеутаев – Қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері:

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде формалардың түрлері өте көп, тіркеу, есепке алу, бақылау жүйелері қиындап кетті. Нормативтік актілер мен реформалардың санын азайту сұрағын қарастыруға болмас па екен?  Олар көп көлемде өте тез қабылданады және біз оларды іске асыруға үлгермей жатамыз. Соңғы 1,5 жыл ішінде үш рет қаржыландыру жүйесі өзгерді. Мұндай жағдайда жұмыс істеу қиын.

Орта және төмен буын медицина қызметкерлерін ынталандыру сұрағын заңды түрде реттеу қажеттілігіне назарыңызды аударғым келеді. 

 

Д.Н. Назарбаева:

- қарастыратын боламыз.

 

- Сингапурдегі ақы төлеу жүйесі қандай?

А.В. Цой:

- оларда сақтандыру медицинасы. Сақтандыру медицинасы бойынша 30 пайызы дәрігерлерге жалақы ретінде төленеді, ал 70 пайызы аурухананың шаруашылығына жұмсалады.

 

Д.Н. Назарбаева:

- орта медицина қызметкерлері қалай жалақы төленеді?

А.В. Цой:

- орта медицина қызметкерлері аурухананың штат кестесіне кіргізілген, ауруханаға бөлінген 70 пайыздан жалақы бөлінеді.

 

 

Д.Н. Назарбаева:

- ТМККК бойынша дәрілік заттарды сатып алу? Сатып алынатын дәрілік заттардың сапасына көңілдеріңіз тола ма?

М.Е. Төлеутаев:

- сапасы өте төмен, себебі Пакистанда және т.б. жерлерден сатып алынады, түпнұсқалық дәрілер біршама тиімдірек.

 

Д.Н. Назарбаева:

- дәрілік заттарды сатып алу кезінде неге сүйенеді?

А.В. Цой:

- нормативтер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде дайындалады.

 

Д.Н. Назарбаева:

- медициналық жабдықты сатып алу бойынша не айта аласыздар?

Д.А. Тұрақбаева:

- қымбат бағалы медициналық жабдық сынған жағдайда, төмен тарифтердің есебінен оны жөндейтін қаржы жоқ және сервис бойынша мамандар тапшы.

 

К. Джамбулатов:

Медицина белсенділері атынан уақыт тауып келгеніңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз. Бүгін шынымен де ашық, конструктивті диалог болды. Мен медицинаны сөзден емес, істен білемін, сондықтан да бұл салаға жетекшілік етуге тура келді, біз Надежда Михайловнамен бірге жұмыс істедік. Сөзсіз бүгінгі күні Астана қаласының медицинасы алға басып келеді, кадрлар жаңаруда. Сізге денсаулық, жемісті еңбек тілейміз. Көп рахмет.

 

 

 

 

 

Х.К. Шәріпова - № 1 қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

 

Осы кездесу үшін Сізге алғыс білдіргім келеді, қаламызды алаңдатып отырған медицина саласының 2 сұрағын атап өтсем деймін:

Демография сұрақтары бәрімізді де алаңдатады. Мен, № 1 қалалық перзентхананың басшысы ретінде кейбір сұрақтарды көтергім келіп отыр. Біздің перзентхана шұғыл көмектің 73% көрсетеді, ал шығындарды өтеу жөніндегі тарифтер өте төмен және емдеу жағдайының коэффициенті 0,8-1,0 құрайды. Емдеу жағдайының коэффициент тарифі 63%-дан 48%-ға дейін төмендеді. Тиісінше дифференциалды еңбек ақы төлеу толық көлемде жүргізілмейді. Босану саны 8 ай ішінде артып отыр және де біз жоспарды 102% орындадық, демек қараша айында бізді қаржыландырмауы да мүмкін. Сонымен бірге, тарифтер азаюда, жалақы төмен, сондықтан да 2 жыл ішінде бізден 11 білікті маманның республикалық және жеке меншік клиникаларға кеткендігін айтып өткім келеді. Біз бұл тарифтер бойынша тек өз шығындарымызды ғана өтейміз.

Сонымен қатар, дәрігердің пациенттен жәбір көретін жағдайлар да болады және ол заңмен қорғалмайды.

 

К.Н. Анасова - № 1 қалалық емхананың бас дәрігері

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

 

Бүгінгі кездесу үшін алғыс білдіремін. ҚР Үкіметінің № 1269 қаулысы бойынша емхана статистикалық мәліметтерге сәйкес сол аумақтағы тұрғындарға қызмет көрсетеді, ол қаржыландырылған. Алайда, 30-35% тіркелмеген тұрғындарға қызмет көрсетіледі, оны қаржыландыру бас аймақтардың бюджетінде қарастырылған және Астана қаласының бюджетімен қарастырылмаған.

 

Ж.Қ. Әжіғұлов – Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

 

Денсаулық сақтау сұрақтарының депутаттардың тұрақты бақылауында екеніне қуаныштымыз.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы № 850 қаулысы «Азаматтық қызметшілерді бекіту туралы», оған жататын азаматтар сауықтыруға бір айлық жәрдемақы алады, оған санитарлар, медбикелер, тазалықшылар, жұмысшылар кірмей қалды. Медицина мекемелерінің оларға өздері мұндай жәрдемақы төлеуге құқылы ету сұрағын шешуге бола ма? 

 

Л.П. Павловец - № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

 

Бағдарламалық қамтамасыз етудің (ДСБҰЖ) жетілдірілмегеніне Сіздің назарыңызды аударғым келеді. Қазіргі кезде қағазбастылыққа байланысты дәрігерлердің пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге уақыттары жетіспейді. Біз компьютерлерден бас көтере алмаймыз.

 

М.Е. Төлеутаев – Қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

 

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде формалардың түрлері өте көп, тіркеу, есепке алу, бақылау жүйелері қиындап кетті. Нормативтік актілер мен реформалардың санын азайту сұрағын қарастыруға болмас па екен?  Олар көп көлемде өте тез қабылданады және біз оларды іске асыруға үлгермей жатамыз. Соңғы 1,5 жыл ішінде үш рет қаржыландыру жүйесі өзгерді. Мұндай жағдайда жұмыс істеу қиын.

Орта және төмен буын медицина қызметкерлерін ынталандыру сұрағын заңды түрде реттеу қажеттілігіне назарыңызды аударғым келеді.  

 

Шарипова Х.К. – заместитель главного врача родильного дома № 1

 

Уважаемая Дарига Нурсултановна!

 

Я благодарю Вас за встречу, хотела бы отразить 2 вопроса в сфере медицины,  которые волнуют наш город:

Вопросы демографии  Казахстана всех волнуют и я как руководитель городского родильного дома №1 хотела бы осветить некоторые вопросы. Наш родильный дом оказывает  73 % экстренной помощи, но тарифы по возмещению затрат очень низкие и коэффициент составляет 0,8-1,0. Тариф снизился от 63% до 48% коэффициент пролеченного случая. Соответственно дифференцированная оплата труда не может быть в полном объеме. Количество родов за 8 месяцев выросло и мы выполнили план на 102%, то есть в ноябре нас могут не профинансировать. При этом, тарифы уменьшаются заработные платы низкие поэтому за 2 года от нас ушло 11 квалифицированных специалистов в республиканские и частные клиники. По данным тарифам мы можем только покрывать свои расходы.

Вместе с тем, необходимо отметить, что бывают случаи, когда врач становится пострадавшим от  пациентов, законодательством данный вопрос не отрегулирован.

 

 

Анасова К.Н. – главный врач поликлиники № 1

 

Уважаемая Дарига Нурсултановна!

 

Спасибо Вам за сегодняшнюю встречу. По постановлению Правительства РК №1269 поликлиника обслуживает население, которое находится на этой территории в соответствии со статистическими данными, оно финансировано. Однако 30-35% обслуживается незарегистрированное население, финансирование которого заложено в бюджеты других регионов и бюджетом Астаны не предусмотрено.

        

 

Ажигулов Ж.К. – главный врач детской инфекционной больницы

 

Уважаемая Дарига Нурсултановна!

 

Мы очень рады, что вопросы здравоохранения находятся на постоянном контроле депутатов.

В Постановление Правительства №850 от 2007 года «Об утверждении гражданских служащих» в число граждан, которые относятся получают месячное пособие для оздоровления, не вошли санитарки, сестры, уборщицы, рабочие. Можно ли решить вопрос о том, чтобы медицинские учреждения сами были вправе выдавать им подобные пособия?

 

Павловец Л.П. – главный врач городской детской больницы № 1

 

Уважаемая Дарига Нурсултановна!

 

Хочу обратить Ваше внимание на необходимость уделить внимание на несовершенство программного обеспечения (ЕНСЗ). В настоящее время из-за бумажной работы у врачей не остается достаточного времени для качественного обслуживания пациентов. Мы постоянно сидим за компьютерами.

 

 

Толеутаев М.Е. – главный врач онкологического диспансера

 

Уважаемая Дарига Нурсултановна!

 

В Единой национальной системе здравоохранения очень много форм, усложнилась система регистрации, учета, контроля. Нельзя ли рассмотреть вопрос об уменьшении количества нормативных актов и реформ? Они принимаются очень быстро в большом количестве и мы не успеваем их реализовывать. Только за последние 1,5 года три раза менялась система финансирования. В таких условиях очень сложно работать.

Также хотелось обратить Ваше внимание на необходимость законодательного регламентирования вопроса стимулирования медицинских работников среднего и младшего звена.

 

 

 

 

 

 

 

Поиск



www.akorda.kz
www.government.kz
www.religions-congress.org
http://adilet.minjust.kz/